СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ИЫҚ СҮЙЕГІНІҢ ПРОКСИМАЛЬДЫ БӨЛІГІНІҢ СЫНЫҚТАРЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМІНІҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ НӘТИЖЕЛЕРІ: РЕТРОСПЕКТИВТІ ЗЕРТТЕУ
Өзектілігі. Шетелдік әдебиеттерге сәйкес, иық сүйегінің проксимальды бөлігінің сынықтары тірек-қимыл жүйесінің барлық сынықтарының шамамен 5% және иық сүйегінің барлық сынықтарының 26% құрайды. Кездесу жиілігі 100000 адамға шамамен 82 жағдайды құрайды.
Зерттеудің мақсаты. Семей қаласы бойынша иық сүйегінің проксимальды бөлігі сынықтарынын эпидемиологиясын зерттеу, жасы, жынысы, сынық түрі, емдеу әдісі, емханаға жатқызуға дейіңгі және отаға дейіңгі уақыт, ауруханада болу ұзақтығы сияқты әртүрлі деректерді салыстыру және хирургиялық емнің ұзақ нәтижелеріне талдау жасау.
Әдістері. Ретроспективті түрде 2019-2020 жылдар аралығында Семей қаласының Жедел медициналық көмек ауруханасында стационарлық және амбулаториялық ем алған, иық сүйегінің проксимальды бөлігінің әртүрлі сынықтары бар 117 науқас зерттелді. Сынық түрін жіктеу мақсатында АО/ОТА халықаралық сынықтардың жіктемесі қолданылды. Ұзақ мерзімді нәтижелер хирургиялық емдеуден кейін 1 жыл немесе одан да көп уақыт өткен соң зерттелді. Науқастың арнайы сауалнамасы жасалды, иық буыны қызметінің қалпына келуін бағалау үшін Constant-Murley сынамасы қолданылды. Нәтижелерді статистикалық өңдеу SPSS 20 бағдарламасында Колмогоров-Смирнов, Краскел-Уоллис және Фишердің параметрлік емес критерийлерін қолдана отырып жүргізілді.
Нәтижелері. Науқастардың орташа жасы – 62 жасты құрады, 73%-ы әйел адамдар болды. Жарақат алғандардың көбісі қала тұрғындары болды. Ең жиі 11А2.2 типті сынықтар кездеседі (33%), барлық жарақаттардың 98% жекеленген болды. Стационарлық емдеуде 82 науқас болды, олардың жартысынан көбі консервативті әдіспен емделді. Хирургиялық әдістердің ішінде құлыптама пластинамен сүйекүстілік остеосинтез жиі қолданылды (59%). Алыс кезеңде келесі асқынулар анықталды: иық буынының контрактурасы – 26%, иық сүйегі басының асептикалық некрозы – 5% және қолтық асты нервісінің нейропатиясы – 1%. Constant-Murley сынамасы бойынша иық буыны қызметінің қалпына келуінің орташа бағасы – 88 баллды құрады.
Тұжырым. Иық сүйегінің проксимальды бөлігінің сынықтары егде жастағы науқастарда жиі кездесті, қала тұрғындары басым болды. Жарақаттардың көбісі жекеленген болды. Консервативті емдеу жиі науқастың остеосинтезден бас тартуына байланысты қолданылды. 32% жағдайда хирургиялық емдеудің әртүрлі алыстаған асқынулары анықталды.
Көрген адамдардың саны: 336
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Мусабеков А.С., Жунусов Е.Т., Жұмақан М.С., Тлемисов А.С., Токтаров Е.Н., Джунусов Т.Г., Бокембаев Н.А., Касымов Ж.М. Семей қаласы бойынша иық сүйегінің проксимальды бөлігінің сынықтарының эпидемиологиясы және хирургиялық емінің ұзақ мерзімді нәтижелері: ретроспективті зерттеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 4 (Т.24). Б. 125-132. doi 10.34689/SH.2022.24.4.016Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ