Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАЛҚАНША БЕЗІ ФОЛЛИКУЛЯРЛЫҚ ІСІКТЕРІ ОНКОЦИТАРЛЫҚ ТҮРІНІҢ ГЕНОМДЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҒЫ
Онкоцитарлық фолликулярлық аденома капсулалық және тамырлы инвазия белгілері болмаған кезде, сондай-ақ қалқанша безінің капсулдалған зақымдануында папиллярлық карциноманың ядролық белгілері болмаған кезде диагноз қойылады, ал онкоцитарлық фолликулярлық карцинома капсулалық және тамырлы инвазия белгілері болғанда диагноз қойылады. Дегенмен, қалқанша безінің ісігіндегі онкоцитарлы өзгерістің клиникалық мәні түсініксіз және даулы болып қала береді. Қатерлі ісік диагнозы капсулалық және тамырлық инвазияның, экстратиреоидты жергілікті инвазияның, орталықты және шектелген метастаздардың гистологиялық көріністерімен нақты негізделеді. Қалқанша безі ісіктерінің онкоцитарлық өзгерістерінің клиникалық маңыздылығы түсініксіз және даулы болып қалуда. Қатерлі ісіктің пайда болуы және дамуы генетикалық мутациялардың жинақталуымен себеп болады, өз кезегінде геномдық тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін. Осы зерттеменің мақсаты- қалқанша безі фоликуллярлық ісіктері онкоцитарлық түрінің геномдық тұрақсыздығының дәрежесін бағалау болды.
Көрген адамдардың саны: 200

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Қозыкенова Ж.У., Шалгимбаева Г.С., Мусажанова Ж.Б. Қалқанша безі фолликулярлық ісіктері онкоцитарлық түрінің геномдық тұрақсыздығы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 4 (Т.24). Б. 133-136. Doi 10.34689/SH.2022.24.4.017

Авторизируйтесь для отправки комментариев