АУТОИММУНДЫ РЕВМАТИКАЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ДАМУЫНДА ІШЕК МИКРОБИОТАСЫНЫҢ РӨЛІ
Кіріспе: Ішек микробиотасы ревматоидты артрит (РА), анкилоздаушы спондилит (АС), псориатикалық артрит (ПСА), ювенильді идиопатиялық артрит (ЮИА) және басқа ревматикалық аурулардың дамуында маңызды рөл атқарады. Микробиотаны зерттеу ерте диагностиканы жақсартуға және мүмкін, ауыр аутоиммунды ревматикалық аурулардың алдын алуға, сондай-ақ емдеудің персонизирленген тактикасын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Мақсаты: Бұл шолуда балалар мен ересектердегі микробиотаның өзгерістері мен ревматикалық аурулардың дамуы арасындағы байланыс туралы ағымдағы ақпарат бағаланады.
Іздеу стратегиясы: Әдебиеттерді іздеу PubMed (Medline), Scopus, eLibrary.ru, Google Scholar мәліметтер базасы арқылы «ішек микробиомы», «микробиота», «ревматоидты артрит», «ревматикалық аурулар», «спондилоартропатиялар» түйінді сөздерін қолдану арқылы жүргізілді. Іздеу тереңдігі 20 жыл (2000-2021). Түпнұсқа тілі – ағылшын тілі. Енгізу критерийлері: үлкен популяцияларда жүргізілген рандомизацияланған және когорттық зерттеулердің есептері, мета-талдаулар және жүйелі шолулар. Алып тастау критерийлері: жеке жағдайларды, жағдайлар сериясын және жануарларға эксперименталды жұмысты сипаттайтын мақалалар. 113 әдеби дереккөздің 78-і осы мақалаға аналитикалық материал ретінде таңдалып алынды.
Қорытынды: Дереккөздерді талдау нәтижесінде, жүргізілген зерттеулер ревматоидты артритпен, анкилоздаушы спондилитпен, псориатикалық артритпен ауыратын науқастарда ішек микрофлорасының әртүрлілігінде ауытқулар анықталғанын көрсетті. Негізгі назар қазіргі микроорганизмдерді каталогтауға, микроб түрлері мен аурулар арасындағы байланысты анықтауға аударылды. Балалар мен ересектер микробиотасының құрамындағы айырмашылықтар анықталды. Қазіргі уақытта жыныс, жас, нәсіл, өмір сүру жағдайы, географиялық орны сияқты әртүрлі факторлардың өзара байланысы әлі толық зерттелмеген. Дегенмен, негізгі қабынуға қарсы терапияны тағайындағанға дейін және кейін, тиімсіз терапия фонында, сондай-ақ ішек микробиотасының байланысын бақылау, ауру ағымының сипаты, белсенділігі немесе симптомдардың қарқындылығын бірнеше уақыт аралықтарында ішек микробиотасының үлгілерін жинайтын ұзақ мерзімді зерттеулер жоқ.
Көрген адамдардың саны: 227
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Петрова Ю.В., Иванова Р.Л., Тугелбаева А.М., Зонова Е.В., Лобанов Ю.Ф., Горемыкина М.В. Аутоиммунды ревматикалық аурулардың дамуында ішек микробиотасының рөлі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 4 (Т.24). Б. 137-145. doi 10.34689/SH.2022.24.4.018Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW