РЕВМАТОИДТЫ АРТРИТТІҢ ИММУНОМАРКЕРЛЕРІ
Өзектілігі: Ревматоидты артрит (РА) буындардың ауыр иммундық қабыну ауруларының бірі болып саналады, оның таралуы ересек еңбекке қабілетті тұрғындар арасында 0,5-2% құрайды. Сонымен қатар РА әйелдерде ерлерден қарағанда 2-3 есе жиі кездеседі. Қазақстан Республикасында РА таралуы 0,36–0,38%-ды құрайды, ал аурушаңдығы 0,085-0,087%-ға тең. Иммундық жауаптың бұзылуы РА патогенезінің негізін құрайды, ал аурудың пайда болуы мен өршуінде лимфоциттік және цитокиндік жүйелер маңызды рөл атқарады.
Мақсаты: Ревматоидты артрит кезіндегі пациенттердің иммунологиялық профилі туралы ғылыми ақпаратты жүйелі түрде іздеу.
Іздеу стратегиясы: Шолу мақаласы AР08052703 «Қазақстандық популяциядағы ревматоидты артриттің микробиотикалық және геномдық биомаркерлерін анықтау» жобасы бойынша зерттеу шеңберінде орындалған. Ғылыми жарияланымдарды іздеу PubMed, EMBASE, Elsiever, Medline және GoogleScholar дерек қорларында жүргізілді.
Нәтижелер: Ревматоидты артриттің патофизиологиясы қан сарысуында және сүйекке іргелес бөлімінде қабыну үндерісіне ықпал ететін цитокиндердің (TNF-α, IL-1, IL-6 т.б.) тұрақты жоғары деңгейімен және қабынуға қарсы цитокиндердің (IL-1ra, IL-4, IL-13 т.б.) төмендеуімен сипатталады. Көптеген дереккөздер жоғарыда келтірілген деректермен сәйкес нәтижелер туралы хабарлайды, бірақ жеке цитокиндердің (мысалы, IL-2, IL-13 т.б.) шоғырландыруына қатысты қарама-қарсы мәліметтер де бар.
Қорытындар: Қазіргі уақытта РА бар пациенттердің иммунологиялық профилі әлемде және Қазақстанда да өзекті және жеткілікті зерттелмеген мәселе болып табылады. Иммунопатогенетикалық деректерді, аурушаңдықты, жоғары мүгедектікті және РА-тан экономикалық зиянды ескере отырып, бұл сұрақ ерекше назар аударуды қажет етеді.
Көрген адамдардың саны: 243
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Хощанов Е.Е., Айнабекова Б.А., Иссильбаева А.А., Мейрамова А.М., Чуленбаева Л.Е. Ревматоидты артриттің иммуномаркерлері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 4 (Т.24). Б. 146-156. doi 10.34689/SH.2022.24.4.019Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW