Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
СОЗЫЛМАЛЫ ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТТЕРДЕГІ YРЕЙ-ДЕПРЕССИЯЛЫҚ БҰЗЫЛУЛАР. ӘДЕБИ ШОЛУ.
Кіріспе: Созылмалы вирустық гепатиттер аурудың асимптоматикалық ағымынан бастап, бауыр циррозы мен гепатоцеллюлярлық карциноманың дамуына дейінгі көріністердің кең спектріне ие. Қазіргі уақытта созылмалы вирустық гепатиттер депрессия, мазасыздық, патологиялық шаршау, тітіркену, үрей, ұйқысыздық, сондай-ақ ауырсынуға сезімталдықтың жоғарылауы сияқты әртүрлі экстрапатикалық көріністермен сипатталатын жүйелі ауру ретінде танылады. Мақсаты: Қазіргі әдебиеттерге сәйкес созылмалы вирустық гепатитпен ауыратын науқастарда үрей-депрессиялық бұзылулардың дамуын жүйелеу және бағалау. Материал және әдістері. Дереккөздерді іздеу PubMed, the Сochrane Library, Scopus, elibrary базаларында жүргізілді. Іздеу тереңдігі 2006 жылдан 2021 жылға дейін 15 жылды құрады. Қосу критерийлері: рандомизацияланған және когорттық зерттеулер туралы есептер, мета-талдаулар және жүйелі шолулар; ағылшын және орыс тілдеріндегі мақалалар. Ерекшелік критерийлері: дәлелдер базасы жоқ материалдар, газет мақалалары. Нәтижелері: Мақалада созылмалы вирустық гепатиті бар науқастардағы үрей-депрессиялық бұзылулар туралы әдеби мәліметтерге аналитикалық шолу берілген. Жүргізілген литертуралық шолуға сәйкес науқастардың осы санатында мазасыздық пен депрессияның таралуы 37-ден 83% -ға дейін ауытқиды, бұл ретте клиникалық маңызды үреймен депрессияның салыстырмалы түрде жоғары жиілігі байқалады, ал созылмалы вирустық гепатиттердің бауыр циррозына трансформациясы кезінде суицидтік тәуекел артады. Қорытынды. Созылмалы вирустық гепатиттері бар науқастарда психикалық күйдегі өзгерістер анықталды, олардың ауырлығы Клиникалық, зертханалық және морфологиялық сипаттамаларға, процестің ұзақтығы мен белсенділігіне байланысты. Мазасыздық-депрессиялық бұзылуларды уақтылы түзету және аурудың ерте сатыларында өршуінің алдын алу созылмалы вирустық гепатиттері бар науқастардың психологиялық әл-ауқатын жақсарту үшін де, оларды емдеуге деген адалдығын арттыру үшін де пайдалы болуы мүмкін екендігі расталды.
Көрген адамдардың саны: 215

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Полукчи Т.В., Славко Е.А., Абуова Г.Н, Касымова Т.В. Созылмалы вирустық гепатиттердегі yрей-депрессиялық бұзылулар. Әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 4 (Т.24). Б. 206-215. doi 10.34689/SH.2022.24.4.025

Авторизируйтесь для отправки комментариев