КОВИДТЕН КЕЙІНГІ СИНДРОМ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Кіріспе: Коронавирус адам мен жануарлар үшін басты қоздырғыш болып табылады. 2019 жылдың соңында коронавирустың жаңа түрі табылып, Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында пневмония жағдайларының себебі ретінде анықталды.Ол тез арада таралып, бүкіл Қытайды эпидемияға, кейін жахандық пандемияға әкелді.
Мақсаты: постковид синдромының клиникалық және зертханалық маркерлерін зерттеуге арналған басылымдарды талдау және жүйелеу.
Іздеу стратегиясы: әдебиеттерді іздеу PubMed, the Cochrane library, Google Scholar және e-library электронды базаларында түйін сөздер бойынша жүзеге асырылды (COVID-19, ковидтен кейінгі синдром маркерлары, SARS-CoV-2 нұсқалары, COVID-19 ұзақ көріністері, ковидтен кейінгі асқынулар). Шолуда сипаттау үшін мәселенің сипаттамаларын көрсететін релевантты жұмыстар қабылданды.
Нәтижелері: COVID-19 ұзақ мерзімді көріністеріне тыныс алу, жүрек-қан тамырлары, бүйрек, эндокриндік, репродуктивті, орталық жүйке жүйесінің, асқазан-ішек жолдары мен бауырдың зақымдануы, сонымен қатар қабыну, аутоиммунды және ревматологиялық асқынулар, созылмалы ауырсыну, созылмалы шаршау жатады. Психиатриялық / эмоционалды денсаулық пен әл-ауқат зардап шегеді, бұл науқастардың өмір сапасының нашарлауына әкеледі
Қорытынды: Науқастардың қандай тобына қауіп төніп тұрғанын және қайсысы ұзақ бақылауды қажет ететінін анықтау өте маңызды. Скринингтік үрдістерге, ресурстармен қамтамасыз етуге, бекітілген көмек көрсету жолдарына және көпсалалы оңалту қызметтеріне қатысты стратегияларға үлкен қажеттілік бар.
Көрген адамдардың саны: 224
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Жуманбаева Ж.М., Крыкпаева А.С., Серикбаев А.С., Досбаева А.М., Амренова К.Ш., Шарапиева А.М., Кудайбергенов Р.Н., Juszkiewicz K., Жусупов С.М. Ковидтен кейінгі синдром. Әдебиеттерге шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 5 (Т.24). Б. 45-51. doi10.34689/SH.2022.24.5.006Ұқсас жариялымдар:
ДЕРМАТОФИТТЕРДІҢ АНТИМИКОТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
БРОНХӨКПЕЛІК ДИСПЛАЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФОРМАТИКАНЫҢ РӨЛІ
ӨКПЕНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ВИЗУАЛДЫ СКРИНИНГТІҢ МАҢЫЗДЫҒЫ
БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАТЫН ҚАБЫЛДАМАУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
СҮТ БЕЗДЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ӘДІСТЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ