ЖАПОНИЯНЫҢ БІРНЕШЕ ПРЕФЕКТУРАСЫНДАҒЫ СУИЦИД ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫН ЖӘНЕ БАСҚА ФАКТОРЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ: БОЛАШАҚТА ҚАЗАҚСТАНДА ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІН ЖҮРГІЗУ
Өзектілігі: суицид деңгейі жоғары көптеген елдерде жыл сайын ауа райы өзгерістері, әсіресе қатты қар жаууы байқалады. Жапонияның жоғары суицид деңгейі қалың қар жауатын аймақтарда, префектураларында болуы мүмкін деген болжам бар. Суицидке байланысты көптеген факторлар зерттелгенімен, бірнеше зерттеулер жыл сайын ауа райы өзгерістері, әсіресе қатты қар жаууы салдарынан суицид деңгейінің өзгерістері туралы әсерін тигізді.
Мақсаты: Жапон теңізінің бойындағы үнемі қалың және ұзаққа созылатын қар жауатын аймақтарын зерттеу. Сонымен қатар болашақта Қазақстанда осы әдісті қолдану.
Материалдар мен әдістер: 1994-2019 жылдар аралығында Жапон теңізінің бойындағы 11 префектурада (Хоккайдо, Аомори, Акита, Ямагата, Ниигата, Тояма, Исикава, Фукуи, Тоттори, Симане және Ямагучи) суицидтің жылдық көрсеткіштерін анықтадық. Әр префектурада қар жамылғысының жылдық максималды тереңдігін және сол кезеңдегі жылдық күндер санын алдық. Суицид деңгейі мен жыл сайын ауа райы өзгерістері, әсіресе қатты қар түсу арасындағы корреляциясы талданды.
Нәтижелер: қар жамылғысының максималды тереңдігі мен жылдық күндер саны 11 префектураның ешқайсысында суицид деңгейімен айтарлықтай сәйкес келмеді. Жыл сайын ауа райы өзгерістері, әсіресе қардың түсу салдары мен суицидтің арасында нақты байланыс болған жоқ. Көптеген факторлар, соның ішінде жыл сайын ауа райы өзгерістері, әсіресе қар түсу мен суицид арасындағы байланыс қосымша зерттеуге лайық.
Қорытынды: ауа-райының әртүрлі құбылыстары, соның ішінде қар түсу психикалық шаршауды және психикалық денсаулықтың нашарлауын тудыруы мүмкін және суицидке ықпал етуі мүмкін, сондықтан ауа-райының аспектілері мен олардың психикалық денсаулыққа әсері зерттелуі керек. Суицидтің алдын алу мәселелерін зерттеу үшін қоғам, жергілікті қоғамдастық мүшелері, мемлекеттік органдар, метеорологиялық агенттіктер, медициналық персонал және суицидтің алдын алу ұйымдары мен мамандары қажет болған жағдайда ынтымақтасуы керек. Болашақта Қазақстанда осындай зерттеуді жүргізуді жоспарлап отырмыз.
Көрген адамдардың саны: 216
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Иноуе К., Кауано Н., Апбасова М., Сексенбаев Н., Камео С., Толеуов Е., Аккузинова К., Каримова Ж., Молдагалиев Т., Оспанова Н., Шабдарбаева Д., Чайжунусова Н., Дюсупов А., Фуджита Я., Хоши М. Жапонияның бірнеше префектурасындағы суицид тенденцияларын және басқа факторларды зерттеу: болашақта Қазақстанда зерттеу әдістемесін жүргізу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 5(Т.24). Б. 60-67. doi 10.34689/SH.2022.24.5.008Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ