ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІНДЕ ГИПЕРИНСУЛИНЕМИЯ ЖИІЛІГІН БАҒАЛАУ
Кіріспе: Гиперинсулинемия кез-келген жаста кездесуі мүмкін және бірқатар функциялық немесе патологиялық жағдайлар, аурулар дамуы мүмкіндігін жоғарлауына әкелуі мүмкін метаболизмдік аурулардың белгілі негізгі факторларына жатады. Инсулинге сезімталдықтың төмендеуі, ең алдымен, бауырға, бұлшықеттерге және май тіндеріне әсер етеді. Инсулинорезистенттілік 2 типті қант диабеті басталмай тұрып бірнеше жыл бұрын дамиды, ол семіздікпен, абдоминалды семіздікпен байланысты, бірақ ол артериялық гипертензиясы бар арық адамдарда да кездесуі мүмкін.
Мақсаты: Қазақ популяциясында гиперинсулинемия жиілігін зерттеу.
Материалдар мен әдістер: Зерттеу көлденең бір мезгілді. 18-65 жас аралығындағы қазақ ұлт өкілдеріне сауалнама жүргізілді. Зерттеуге енгізу критерийі - 18-65 жас аралығындағы еркек пен әйел жынысты қазақ ұлт өкілдері. Зерттеуге енгізбеу критерийлеріне қатерлі ісіктері бар; декомпенсация жағдайында жүрек не/және бүйрек жетіспеушілігі бар науқас адамдар, жүктілік; лактация. Зерттеу объектісіне әртүрлі жас топтарындағы зерттеуге енгізу критерийіне сәйкес қазақ популяциясының дені сау өкілдері жатты.
Нәтижелер: Біздің зерттеуде абдоминалды семіздік қазақ әйелдерінде қазақ еркектеріне қарағанда жиі кездесті. Гиперинсулинемия алкоголь қолданатын адамдарда жиі кездесті. Алкоголь қолданатын адамдарда гиперинсулинемия даму мүмкіндігі алкоголь қолданбайтын адамдармен салыстырғанда 2,3 есе жоғары (ДИ 95%:0,99-5,41) болды. Біздің зерттеуде инсулин деңгейі жыныспен, ДСИ көрсеткішімен, бел ауқымымен, темекі шегумен, физикалық күш түсулермен байланысты болмады. Науқастардың жасы ДСИ мен бел ауқымы көрсеткіштерімен айқын корреляциялық байланыста болды (rS=0,7; p=0,0001).
Тұжырымдар: Сонымен, алкогольді қолдану гиперинсулинемия даму мүмкіндігін арттыруы мүмкін.
Көрген адамдардың саны: 234
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Шаханова А.Т., Жумадилова З.К., Каскабаева А.Ш., Мадиева М.Р., Жамбылова Д., Кажмуратова К., Жумашева Э., Каирбекова Д., Бакибаева Д., Камаданова Д. Қазақ ұлтының өкілдерінде гиперинсулинемия жиілігін бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 5(Т.24). Б. 82-88. doi 10.34689/SH.2022.24.5.011Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ