Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЖҮРЕК ОТАСЫНАН КЕЙІНГІ ПАЦИЕНТТЕРДІҢ АТИПИЯЛЫҚ ЖҮРЕКШЕЛЕР ДІРІЛІНІҢ КАТЕТЕРЛІК АБЛАЦИЯСЫ
Өзектілігі: Атипиялық жүрекшелер дірілі (АЖД) жиі жүрек хирургиясы немесе жүрекше жыбырын катетерлі аблация арқылы емдеу әдісімен байланысты. Клиникалық түрде АЖД бар науқастар қазірдің өзінде сапалы, күрделі және ауыр науқастар болып табылады. Осы күрделі жүрек ырғағының бұзылыстарын картаға түсіру және абляция жасау әрбір аритмолог, электрофизиолог үшін күрделі мәселе болып табылады. Сонымен қатар, пациенттердің бұл санаты жиі тиісті назардан тыс қалады: атап айтқанда, Қазақстанда мұндай науқастарды диагностикалау мен емдеудің бекітілген алгоритмдері мен клиникалық хаттамаларының болмауына байланысты. Мақсаты: Инновациялық технологияларды қолдана отырып, кардиохирургиялық және катетер абляциясынан кейін жүрекше діріі бар науқастарды басқарудың жетілдіруін бағалау. Материалдар мен тәсілдер: Бір орталық зерттеуде кардиохирургиялық отадан және катетер аблациясынан кейін жүрекшелердің дірілі бар екі жүз сегіз науқас (AI тобы - 107 пациент, non-AI топ - 101 пациент) қамтылды. Бұрынғы кардиохирургиялық операциядан және катетер абляциясынан кейін әртүрлі типтегі ЖД-мен ауыратын ересек пациенттер (18 жас және одан жоғары, жынысына қарамастан). Пациенттерді зерттеу топтарына қосу критерийлері: 18 жастан асқан науқастар, атипиялық және типикалық ЖД анықталған диагнозы, ЭФЗ, РЖА үшін пациенттердің қол қойылған ақпараттандырылған келісімі. Пациенттерді зерттеу тобынан шығару критерийлері: 18 жасқа толмаған науқастар, қатар жүретін аурулардың декомпенсациясы, сол жақ жүрекше қосалқысының тромбозы, сол жақ жүрекшенің тромбозы, сол жақ жүрекшенің діріліндегі механикалық митральды қақпақша, ЭФЗ, РЖА-дан пациенттің бас тартуы. Нәтижелер: Жүректің қақпақша ауруларына арналған кардиохирургиялық ота екі топта да жүрекше дірілінің жиі себебі болды, сәйкесінше 63 (58,9%) және 46 (45,5%) жағдай. Трансторакальды эхокардиографияда сол жақ жүрекшенің орташа өлшемі сәйкесінше 42,9 мм (39;47) және 42,5 мм (39;46) құрады. AI тобында NT-proBNP жоғары болды, бұл жүрек жеткіліксіздігін көрсетеді. Индекс аблациясымен аблация жасау жіті кезеңде жоғары әсер етеді (p=0.001). Сол жақ жүрекше қысымы мен NT-proBNP арасында оң корреляция анықталды (p<0.001). Қорытынды: Катетерді аблациямен, антиаритмиялық еммен және жүрек жеткіліксіздігін емдеумен біріктірілген ем жүрекшелердің ритм бұзылысының қайталану қаупін азайтуы мүмкін.
Көрген адамдардың саны: 229

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Бакытжанулы А., Нуралинов О.М., Смагулова А.К., Крыкпаева А.С., Абдрахманов А.С. Жусан тозаңымен шақырылатын аллергиялық ринит пен бронхиалды демікпенінің тышқан моделін жасау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 5(Т.24). Б. 89-96. doi 10.34689/SH.2022.24.5.012

Авторизируйтесь для отправки комментариев