ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНСУЛЬТТІҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ
Кіріспе. ДДҰ деректері бойынша жүрек - қантамырлары ауруларынан (бұдан әрі- ЖҚА) 2019 жылы 17,9 млн. адам қайтыс болған, бұл жалпы өлім себептері құрылымының 31% - ын құраған, бұл көрсеткіш 2000 жылы 16% - ды құраған болатын. Аталмыш өлімнің 85% жағдайы инфаркт және инсультпен байланысты. Инфекциялық емес аурулардан келетін экономикалық шығындар әлеуметтік-экономикалық даму үшін жаһандық кедергілерді келтіреді. Есептеулер бойынша, өлім-жітім 10% - ға артқан кезде экономикалық өсім 0,5% - ға төмендейді [3]. Жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім-жітім 2030 жылға қарай 23,6 миллионнан астамға артады деп болжануда. Жүрек-қан тамырлары ауруларынан бөлек инсульт әлемде жүрек ауруынан, қатерлі ісік, респираторлық аурулар және абайсызда болатын жарақаттардан кейінгі өлім-жітімнің 5-ші себебі болып табылады. Дүние жүзінде 1990 және 2013 жылдар аралығында ЖҚА-на байланысты өлім-жітім шамамен 41,7%-ға өсті, сонымен қатар сол 2013 жылы инсульттан 6,5 миллион адам қайтыс болған және инсульт жүректің ишемиялық ауруларынан кейінгі өлімнің екінші себебі болды [11].
Зерттеу мақсаты: Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша инсульттан болатын алғашқы сырқаттанушылық пен өлім-жітімді зерделеу.
Зерттеудің материалдары мен әдістері: «Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі» статистикалық жинақтары бойынша 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша инсульттан болатын өлім-жітімнің салыстырмалы ретроспективті талдауы жүргізілді [15], соның ішінде Mediform [5],
Нәтижелер: Қазақстанда инсультпен сырқаттанушылық 100 000 халыққа шаққанда 2011 жылы 189-дан 2020 жылы 433,7-ге дейін 2,3 есеге артады. 2020 жылы аурушаңдық көрсеткіші 100 000 халыққа шаққанда 433,7 құрады. Өңірлер бойынша 100 000 халыққа шаққанда инсультпен сырқаттанушылық көрсеткіші Шығыс Қазақстан облысында басым (625). Ал ең төменгі көрсеткіш Атырау (221), Ақтөбе (249) және Алматы (279) облыстарында тіркелді. Өлім-жітім динамикасы салыстырмалы түрде төмендегенін байқауға болады. 2011 жылмен салыстырғанда 2020 жылы (78,49) 15 пайызға төмендеген. 2011 жылы өлім-жітім көрсеткіші 100 000 халыққа шаққанда 92,36-ға тең болды. Бұл зерттелетін уақыт аралығының максималды нүктесі. Ең төменгі өлім көрсеткіші 2012 жылы (51,53) тіркелді.
Қорытынды. Осылайша, Қазақстанда зерттеу кезеңінде (2011-2020 ж.) динамикада инсульттен болатын өлім-жітімнің төмендеуі байқалады. Артериялық гипертензия мен қант диабетін анықтауға арналған скринингтік бағдарламаны енгізудің арқасында Қазақстанда инсультпен аурушаңдық көрсеткіші күрт өсті.
Көрген адамдардың саны: 288
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Кайратова Г.К., Куанышкалиева А.С., Рахметова В.С., Каскабаева А.Ш., Хисметова З.А., Смаилова Д.С. Қазақстан Республикасындағы инсульттің эпидемиологиясы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 5(Т.24). Б. 105-112. doi 10.34689/SH.2022.24.5.014Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ