Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ӨТ ТАС АУРУЫ БАР НАУҚАСТАРДЫҢ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Кіріспе: Бүгінгі күнде өт тас ауруының таралуы 15%-ға жетеді, ал ауру науқастар санының төмендеу тенденциясы айтарлықтай жоқ. Хирургиялық көмекті ұйымдастыру және оның тиімділігін қамтамасыз ету үшін емдеудің негізгі сәттері болып табылады. Мақсаты: Өт тас ауруы бар науқастардың хирургиялық емдеуін ұйымдастыруын оңтайландыру. Материалдар және зерттеу әдістері: Поперечное, клиническое, контролируемое исследование проведено Зерттеу 2016-2020 жж. кезеңінде «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталі, №3, 7, 12 емханалар және «Семей медицина университеті» КеАҚ КДЕ жүргізілді. Науқастар саны, жынысы, жасы бойынша салыстырылады (n=110) бөлінді: негізгі және бақылау топтары (сәйкесінше n=54 және N=56). Науқастар 2021 жылғы «30» сәуірдегі №17129 ҚР авторлық куәлігі алынған «Жедел калькулезді холецистит кезінде науқастарды диагностикалау мен емдеуді ұйымдастыру алгоритміне» сәйкес емдеуге жатқызылды және алгоритмсіз ауруханаға жатқызылған науқастармен салыстырылды. Топтардың қалыпты таралуын тексеру үшін Колмогоров-Смирновтың критерийі қолданылды. Вариациялық статистиканың келесі көрсеткіштері де анықталды: орташа арифметикалық (М), медиана (Me), 25-ші (Р25) және 75-ші (Р75) процентельдер (Q1 және Q3 квартильдері). Жұмыстағы сандық мәндер М түрінде берілген (me, Q1, Q3). Таралу сипатына байланысты сандық айнымалылар үшін статистикалық талдаудың параметрлік емес әдістері: Манна – Уитни (U) критерийі. P<0.05 мәні статистикалық маңызды деп қабылданды. Нәтижелері: Науқастардың жас шамасы 26-дан 75 жасқа дейін, орташа жасы 51±1,5 жасты құрады, Негізгі топта әйел адамдар саны 46 (85,2%) және ер адамдар саны 8 (14,8%). Салыстыру тобында әйел адамдар саны 44 (78,6%), ер адамдар саны 12 (21,4%). Барлық науқастарға операция жасалынды. Негізгі топпен салыстырғанда 1 айдан кейін бақылау тобында физикалық жұмысқа қабілеттілік (ФЖҚ), ауыосыну қарқындылығы (АҚ), әлеуметтік белсенділігі (ӘБ), өмірсапасының интегралдық көрсеткіші (ӨСИК), ӨСИК – физикалық денсаулық (ФД) көрсеткіштердің төмендеуі байқалады (р<0,05), АҚ критерийдің ерекше өзгеруі, жоғары (Р<0,01). Негізгі топтағы интегралдық көрсеткіш холецистэктомиядан кейін ерте кезеңде жоғарлады, ал бақылау тобында физикалық жағдай (ФЖ), АҚ және эмиоционалды жағдай (ЭЖ) (Р<0,05) есебінен төмені анықталынды. Келтірілген деректер жедел калькулезды холецистит кезінде науқастарды жүргізуді ұйымдастыру алгоритмінің, операция жасалынған науқастардың өмір сүру сапасына емдеу мен оңтайландыру оң әсерін көрсетеді. Бұл әсер операциядан кейінгі кеш кезеңде (1 және 6 айдан кейін) айқын және сенімді. Қорытынды: Оптимизация организации хирургического лечения и реабилитации позволили сократить длительность предоперационной подготовки, а также сократить время оперативного вмешательства до 42,3±1,4 мин (Md=42.5, Q1-33.7, Q3-50). Операциядан кейінгі 6 ай ішінде негізгі топтағы науқастардың бақылау тобындағы науқастарға қарағанда олардың өмір сүру сапасын жоғары бағаланады.
Көрген адамдардың саны: 271

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Аймагамбетов М.Ж., Омаров Н.Б., Булегенов Т.А., Ахметов А.Ж., Әуенов М.Ә., Абдрахманов С.Т., Масалов А.Е., Тайбуров Р.К., Жусупов С.М., Масалова Ж.А., Жамалдинов Р.Ф., Носо Йо. Өт тас ауруы бар науқастардың хирургиялық емдеуін ұйымдастыру // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 5(Т.24). Б. 113-126. doi 10.34689/SH.2022.24.5.015

Авторизируйтесь для отправки комментариев