АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖӘНЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДАҒЫ БАЛАЛАРҒА ОРТОДОНТИЯЛЫҚ ЕМ ҚАЖЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ
Кіріспе: Балалар мен жасөспірімдердің стоматологиялық денсаулығының маңызды көрсеткішінің бірі болып тіс-жақ аномалияларының (ТЖА) таралуы болып табылады, олар балалардағы психоәлеуметтік бұзылыстармен қатар жүреді. DAI (Dental Estetic Index) индексінің көмегімен ТЖА емдеу қажеттілігін зерттеу өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу мақсаты – Алматы қаласы мен Алматы облысындағы жетім балаларға ортодонтиялық ем жүргізу қажеттілігін бағалау.
Зерттеу әдістері: Алматы қаласы мен Алматы облысының 12-18 жас аралығындағы 461 тұрғыны, сонымен қатар 144 жасөспірім 11-12 жас шамасында, 82 жасөспірім 14-15 жас шамасында және 235 ересек 17-18 жас шамасындағы мектеп жасындағы балалар зерттелген. ТЖА-ның ауырлық дәрежесі DAI индексі арқылы анықталды.
Нәтижелер: Көбінесе тексерілген зерттенушілерде тістердің жиырылуы мен төменгі жақ ауытқулары байқалды, олардың жиілігі жасына қарай артқан. Зерттеуге қатысқандардың абсолютті көпшілігінде DAI индексінің көлемі 25%-дан төмен болған: 11-12 жас аралығындағы жасөспірімдердің 64%-да, 14-15 жас аралығындағы зерттеуге қатысқандардың 78,0%-да және 17-18 жас аралығындағы жасөспірімдерде дәл сондай жиілікпен кездескен. 11-12 жас аралығындағы балалардың 30% -ында көрсеткіш мәні 26-30% құрады – бұл жерде ортодонтиялық ем жүргізуді қажет ететін тіс-жақ аномалияларының айқын бұзылыстары бар екендігі анықталған. 14-15 жас тобындағы мұндай балалардың үлесі төменірек болды - 18,0%, жоғарғы буын мектеп оқушылары арасында - 14,0%.
DAI мәні 31-35 деңгейінде 14-15 жас шамасындағы балалардың 4% -ында және зерттелген 17-18 жас аралығындағы балалардың - 6% жағдайында анықталған, 11-12 жас аралығындағы топта анықталған жоқ. Жасы ұлғайған сайын қыздарда көрсеткіш мәнінің төмендеу үрдісі байқалған. 11-12 жас тобындағы 31-ден жоғары DAI көрсеткіші бар ұлдардың үлесі 10,0%, одан кейін 14-15 жас аралығында - 6,7%, ал 17-18 жастағыларда өскен, барлығы 23,5%-ды құрады, олардың ішінде 17,7%-ында DAI 31-35 диапазонында болды, 5,8%ында - 36-дан жоғары (ортодонтиялық емге өте жоғары қажеттілік) көрсеткен.
Қорытынды: Алматы қаласы мен Алматы облысының жасөспірімдерінің әлеуметтік қорғалмаған топтарының арасында ТЖА-ның жоғары таралуы көрсетілген. Тексерілген балалардың ішінде, 12 жастағылардың 30%-ы және 18 жастағылардың 32% -ы ортодонтиялық көмекті қажет етеді.
Көрген адамдардың саны: 405
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Досматова К.Р., Досбердиева Г.Т., Алтынбеков К.Д., Куракбаев К.К., Токаревич И.В., Рысбаева Ж.И., Глушкова Н.E. Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша әлеуметтік осал топтардағы балаларға ортодонтиялық ем қажеттілігін талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 5(Т.24). Б. 126-133. doi 10.34689/SH.2022.24.5.016Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ