ӨКШЕ СҮЙЕГІНІҢ БУЫНІШІЛІК ЖАНШЫЛҒАН СЫНЫҒЫНЫҢ РЕПОЗИЦИЯСЫ ТӘСІЛІНІҢ ДАМУЫ (ЭВОЛЮЦИЯСЫ)
Өзектілігі. Актуальность. КТ сканерлеуді және 3D операцияішілік бейнелеуді енгізу буынішілік ұсақталған өкшесүйек компрессиялық сынуының репозициясының нәтижесін визуалды және рентгенокопиялық бағалау шындыққа жанаспайтынын көрсетті. Sanders бойынша II типті сынықтарда толық емес репозиция жиілігі 26,1%, III типті - 35,2% -47% жетеді. Sanders бойынша IV типті көпжарқыншақты сынықтарды репозициялау ең қиыны болып табылады, ондайда бірқатар зерттеушілер біріншілік топайасты артродезді қалайды. Буынішілік ұсақталған өкшесүйек компрессиялық сынуын өкшесүйектің буын фасеткасының импрессиясымен және сыртқы конфигурациясының деформациясымен батыңқы етіп репозициялаудың ең тиімді әдісін анықтау аталмыш зерттеудің мақсаты болып табылады.
Іздеу стратегиясы. PubMed, Medline, Embase, Cochrane Library дерекқорларында қолжетімді басылымға, сондай-ақ 1990 жылдан бастап 2022 жылғы наурызға дейін жарияланған орыс тіліндегі мақалаларға шолу жасалды. Сонымен қатар, тұжырымды (концептуалды) ақпараттары бар 1990 жылдан ерте шыққан әдебиеттер талдауға алынды. Әдебиеттерді іздеуді екі зерттеуші жүргізді, олар рентгендік, артроскопиялық және 3D бейнелеуге және емдеудің ұзақ мерзімді клиникалық нәтижелеріне, асқынуларға негізделген репозиция нәтижелерін бағалады.
Нәтижелер. Рецензияланған 262 мақаланың ішінде бұл шолуға 64 толық мәтінді мақалалар кіреді, оларда буынішілік ұсақталған өкшесүйек сынуын репозициялау әдістемесі, оның нәтижелері және оның емдеу нәтижелеріне әсері және асқыну жиілігі көрсетіледі.
Қорытындылар. Буынішілік ұсақталған өкшесүйектің сынуы кезінде импрессияларған артқы буындық фасеткасының барабар анатомиялық репозициясы рентгендік, артроскопиялық немесе 3D бейнелеудің бақылауымен шағын немесе кеңейтілген латеральды қол жеткізу арқылы жасалады. Өкшесүйек денесінің анатомиялық конфигурациясын қалпына келтіру үшін сыртқы бекітудің операцияішілік шағын өлшемді операцияішілік аппараттары ең тиімді болып табылады. Қазіргі уақытта қолданылатын операцияішілік репозициялық аппараттарының едәуір кемшіліктері бар және өкшесүйектің сыртқы конфигурациясын толық көлемді қалпына келуін қамтамасыз етпейді.
Көрген адамдардың саны: 373
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Абильмажинов М.Т., Жанаспаев Т.М., Жанаспаев Г.А. Өкше сүйегінің буынішілік жаншылған сынығының репозициясы тәсілінің дамуы (эволюциясы) // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 5(Т.24). Б. 188-195. doi10.34689/SH.2022.24.5.023Ұқсас жариялымдар:
ДЕРМАТОФИТТЕРДІҢ АНТИМИКОТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
БРОНХӨКПЕЛІК ДИСПЛАЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФОРМАТИКАНЫҢ РӨЛІ
ӨКПЕНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ВИЗУАЛДЫ СКРИНИНГТІҢ МАҢЫЗДЫҒЫ
БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАТЫН ҚАБЫЛДАМАУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
СҮТ БЕЗДЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ӘДІСТЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ