СОЗЫЛМАЛЫ РЕСПИРАТОРЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ: ӘДЕБИ ШОЛУ
Кіріспе. Тыныс алу аурулары бүкіл әлемде жаһандық медициналық, әлеуметтік және экономикалық проблема болып табылады. Әлемде шамамен 300 миллион бронх демікпесі бар науқастар бар, бұл ересек тұрғындардың шамамен 10% құрайды. Есептеулер бойынша, әлемде жыл сайын бронх демікпесінен шамамен 460 мың өлім тіркеледі. Сондай-ақ, аурудың маңызды тобы, өкпенің созылмалы обструктивті ауруынан (ӨСОА) 2019 жылы 3,23 миллион адам қайтыс болып, әлемдегі өлімнің үшінші себебі ретінде саналуда.
Зерттеудің мақсаты: өкпенің созылмалы ауруларына әсер ететін әлеуметтік, мінез-құлық және экономикалық факторларды әдеби шолу арқылы зерттеу.
Іздеу стратегиясы. PubMed, Google Scholar, Cochrane Library, Web of Science, Scopus және Mendeley сияқты ғылыми жарияланымдардың және мамандандырылған іздеу жүйелерінің деректер базасын пайдалана отырып, көпшілікке қолжетімді, тереңдіктегі мақалалар зерделенді. Іріктеу критерийлері: А, В дәлелділік деңгейінің жарияланымдары: мета-талдаулар, жүйелі шолулар, когорттық және көлденең зерттеулер. Ерекшелік критерийлері: қысқа хабарламалар, жарнамалық мақалалар түріндегі сарапшылардың пікірі.
Нәтижелері. Темекі шегу, улы химикаттардың әсері және ауаның ластануы сияқты экологиялық қауіп факторлары болған кезде созылмалы респираторлық аурулардың пайда болу ықтималдығы артады. ТМД елдерінде ӨСОА, бронх демікпесі және аллергиялық ринит бойынша халықаралық эпидемиологиялық зерттеу (CORE) Қазақстанда ӨСОА таралуы ресми көрсеткіштерден 17 есе жоғары екенін көрсетті. Сонымен қатар, бронх демікпесі бар ересек пациенттерде демікпесі жоқ пациенттерге қарағанда ӨСОА қаупі 12 есе жоғары. Өкпенің созылмалы ауруынан болатын өлімнің 80% - дан астамы табысы төмен және орташа елдерге келеді.
Қорытынды. Өкпенің созылмалы аурулары қазіргі заманғы денсаулық сақтаудағы маңызды проблемалардың бірі болып табылады. Әдебиет деректерін талдау созылмалы бронхит, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА), бронх демікпесі және пневмонияның кейбір түрлері сияқты созылмалы респираторлық аурулардың дамуын тудыратын мінез-құлық, әлеуметтік-экономикалық қауіп факторларын білудің маңыздылығын көрсетеді. Осылайша, халыққа әсер ететін қауіп факторларды түзету және бәсеңдету есебінен өкпенің созылмалы ауруларының пайда болуының алдын алуға бағытталған шараларға бірінші кезекте назар аудару керек.
Көрген адамдардың саны: 226
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Жамакурова А.Н., Смаилова Д.С., Ауезова А.М., Кауышева А.А., Жолдасбекова А.С., Глушкова Н.Е., Кульжанов М.К. Созылмалы респираторлық аурулардың таралуы және қауіп факторлары: әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 5(Т.24). Б. 203-211. doi 10.34689/SH.2022.24.5.025Ұқсас жариялымдар:
ДЕРМАТОФИТТЕРДІҢ АНТИМИКОТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
БРОНХӨКПЕЛІК ДИСПЛАЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФОРМАТИКАНЫҢ РӨЛІ
ӨКПЕНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ВИЗУАЛДЫ СКРИНИНГТІҢ МАҢЫЗДЫҒЫ
БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАТЫН ҚАБЫЛДАМАУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
СҮТ БЕЗДЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ӘДІСТЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ