Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЛАПАРОСКОПИЯЛЫҚ ПРОМОНТОФИКСАЦИЯ ЖАМБАС АҒЗАЛАРЫ ПРОЛАПСЫНЫҢ АПИКАЛДЫ ТҮРІНДЕ: АНАТОМИЯЛЫҚ, ҚЫЗМЕТТІК ЖӘНЕ ПАЦИЕНТКЕ-БАҒДАРЛАНҒАН НӘТИЖЕЛЕРІ
Кіріспе. Дамыған елдерде де, дамушы елдерде де жамбас ағзалары пролапсының жиілігі жыл сайын артып келеді. Мақсат. Жамбас ағзалары пролапсының апикалды түрінде жүргізілген лапароскопиялық промонтофиксацияның анатомиялық, қызметтік және пациентке-бағдарланған нәтижелерін бағалау. Әдістері. Бірорталықты обсервациялық зерттеу жұмысы әйелдер аурулары клиникалық академиялық департаменті, Университеттік Медициналық Орталық аясында 2019 жылдың қаңтар айы мен 2021жылдың тамыз айы аралығында жүргізілді. Зерттеуге III–IV дәрежелі апикалды немесе алдыңғы-апикалды пролапс бойынша лапароскопиялық промонтофиксация көлемінде оперативті ем жүргізілген 55 пациент енгізілді. Емшараның анатомиялық және функционалды сипаттамалары, сонымен қатар пациенттердің субъективті бағасы талқыланды. Бастапқы нәтижелер ретінде қабылданған емшараның анатомиялық, қызметтік және субъективті нәтижелері операцияға дейін және кейін POP-Q жүйесін және арнйы сауалнамаларды қолдану аясында алынды. Қорытынды көрсеткіштер аясында хирургиялық асқынулар жайындағы ақпарат талқыланды. Деректерді талдау сипаттамалық статистика, Уилкоксон сынақтары және Манн-Уитни U сынақтары арқылы жүргізілді. Нәтижелер. Барлығы 55 пациентке лапароскопическая промонтофиксация операциясы жүргізілді. Объективті анатомиялық жақсару 94,6% жағдайда байқалды, сонымен қатар операциядан кейін пролапспен байланысты симптомдарының барлығының біршама жақсарғандығы анықталды. Үш пациентте (5,4%) диспареуния de novo операциядан кейінгі мерзімде пайда болды. Сауалнамаладың нәтижесін талдау барысында операциядан кейін өмір сапасы мен жыныстық белсенділіктің айтарлықтай жақсарғандығы дәлелденді (р < 0,001). Медициналық және хирургиялық көмекті қажет ететін асқынулар жайында ешбір ақпарат тіркелмеді. Қорытынды. Лапароскопиялық промонтофиксация әдісі бақылаудың 12 айында жоғары анатомиялық, қызметтік және субъективті оң нәтиже көрсетті. Алынған нәтижелер хирургиялық емшарадан кейінгі өмір сапасын бағалаудың ұзақмерзімді зерттеулер негізінде растауды қажет етеді.
Көрген адамдардың саны: 190

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Искаков С.С., Айтбаева Б.М., Рыспаева Ж.А. Лапароскопиялық промонтофиксация жамбас ағзалары пролапсының апикалды түрінде: анатомиялық, қызметтік және пациентке-бағдарланған нәтижелері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 6(Т.24). Б. 26-31. doi 10.34689/SH.2022.24.6.004

Авторизируйтесь для отправки комментариев