ШАП ЖАРЫҒЫН ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ЛАПАРОСКОПИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРМЕН ЕМДЕУДІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ TAPP –НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН АСҚЫНУЛАРЫ
Кіріспе. Шап жарығын жою операциялары хирургиялық тәжірибеде ең көп таралған операциялардың бірі болып табылады. Соңғы жылдары оларды лапароскопиялық әдістермен жүзеге асыруда, соның ішінде TAPP (Trans Abdominal Pre-peritoneal) кеңінен қолданылуда. Шап жарығының рецидивин алдын алу үшін TAPP кезінде ішкі шап сақинасын тігуді қамтитын әдіс ұсынылады.
Зерттеудің мақсаты - шап жарығы кезіңдегі әртүрлі ота әдістерінің нәтижелеріне және араласу әдісіне және науқастарда артық салмақ пен семіздіктің болуына байланысты операциядан кейінгі асқынулардың сипатына салыстырмалы сипаттама беру.
Материалдар мен тәсілдер. Зерттеудің дизайны рандомизацияланған көп орталықты клиникалық сынақ болып табылады. Зерттеуге 18 бен 84 жас аралығындағы 268 науқас (орта жасы 59,2±10,6 жас), оның ішінде 46 әйел және 222 ер адам қатысты. Дене салмағының индексі қалыпты 187 науқас болды, артық салмақ - 72, семіздік – 9 науқаста кездесті. Барлық науқастар араласу әдісіне байланысты 4 топқа бөлінді: Шоулдаис бойынша ашық герниопластика (29 науқас), Лихтенштейн бойынша (118), лапароскопиялық TAPP техникасы (109) және TAPP ішкі шап сақинасын тігу (12). Клиникалық бақылау деректері негізінде операциядан кейінгі ерте асқынулардың жиілігі анықталды.
Зерттеу нәтижелері: Герниопластиканың барлық анықталған асқынулары үшін артық салмақ пен семіздік жағдайында жиіліктің асып кетуі байқалды (χ2=4,331, p=0,038). Артық салмақ және семіздігі бар адамдарда дәстүрлі герниопластика әдістерімен асқынулардың ең жоғары деңгейі анықталды. TAPP тобында асқынудың жиынтық көрсеткіші 6,4% құрады, қалыпты мәндерден салмақ артық болуы немесе болмауына байланысты айырмашылықтар болмады. TAPP-ішкі шап сақинасын тігу тобында дене салмағының жоғарылауы кезінде асқынудың 1 жағдайы болды, ол жалпы топтың 4,5% және сәйкес кіші топтың 14,3% құрады. Ашық герниопластикадағы айырмашылықтар маңызды болды (χ2=4,660, p=0,031) жоғары дене салмағының индексі және семіздік (t=0,0001) кіші топқа байланысты болды.
Қорытындылар: 1. Шап жарығын TAPP техникасы арқылы лапароскопиялық емдеу операциясынан кейінгі ерте асқынулардың жиілігін айтарлықтай төмендетуді қамтамасыз етеді, ең алдымен дене салмағының индексі жоғары адамдарда.
2. Ішкі шап сақинасын тігу арқылы TAPP техникасын қолдану операциядан кейінгі ерте асқынулардың қаупін арттырмайды.
Көрген адамдардың саны: 205
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Мендыбаев А.А., Фурсов А.Б., Исмагамбетова Б.А., Коваленко Т.Ф., Волчкова И.С., Омаров Н.Б. Шап жарығын дәстүрлі және лапароскопиялық әдістермен емдеудің салыстырмалы талдауы TAPP –нәтижелері мен асқынулары // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 6(Т.24). Б. 86-93. doi 10.34689/SH.2022.24.6.012Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ