Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕН АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕРЕСЕК ТҰРҒЫНДАРДА ТІС-ЖАҚ АНОМАЛИЯЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУЫ
Кіріспе: Тіс-жақ аномалияларын ерте кезден анықтау критерийлерін табуға бағытталған зерттеулер жүргізу өзекті болып табылады, оның нәтижелері тіс-жақ жүйесінің әртүрлі сипаттамаларының өзгеру дәрежесі мен бағытын және олардың емдеу процесінде өзара әсерін болжауға мүмкіндік береді. Жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының ірі қалаларының тұрғындары мен студенттер арасындағы тіс-жақ аномалияларының құрылымын талдау. Материалдар мен зерттеу әдістері: Алматы қаласынан 150 науқас (59 ер және 91 әйел), Астана қаласынан 150 науқас (55 ер және 95 әйел) және 150 адам (68 ер және 82 әйел) Алматы қаласында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіндегі стоматология факультетінің 1-4 курс студенттері тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша Angle (E.Angle) классификациясына сәйкес ортодонтиялық диагноз қойылды, сагитталды тістем аномалиялы – I класс (бейтарап тістем), II класс – дисталы тістем, III класс – мезиалды тістем анықталды. Сонымен қатар вертикалды бағыттағы аномалиялар да анықталды - ашық және терең тістемдер. Нәтижелер: Зерттелгендердің барлық үлгілерінде тіс-жақ аномалияларының құрылымына сәйкес I класс аномалиялары жиі анықталған, ал мұндай ауытқулардың ең көп үлесі тексерілген студенттер ішінде, яғни жас адамдардар арасында басымырақ анықталды. III класс тіс-жақ аномалиялары барлық үлгілерде азырақ, ал студенттерде ең аз жиілікте анықталды. Ашық тістем терең тістемге қарағанда сирек болды және бұл айырмашылықтар медицина студенттерінің ішінде айқын байқалды. Астана қаласындағы субъектілерде ашық және терең окклюзияның жиілігі бойынша айырмашылығы азырақ болды, ал жынысы бойынша статистикалық маңызды айырмашылықтар көрсетті - ерлерде жиі ашық тістем, ал әйелдерде терең тістем басым. Қорытынды: Қазақстан Республикасы тұрғындарының арасында тіс-жақ аномалияларының таралуы мен ауырлық дәрежесіндегі белгіленген айырмашылықтар, халықтың ортодонтиялық емге деген қажеттілігін анықтау кезінде және олардың тиімділігін арттыру бойынша емдеу-профилактикалық іс-шараларды жоспарлау кезінде ескерілуі тиіс.
Көрген адамдардың саны: 267

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Досматова К.Р., Алтынбеков К.Д., Куракбаев К.К., Нигматов Р.Н., Досбердиева Г.Т., Бектурганова Н.Д., Глушкова Н.E. Алматы қаласы мен Астана қаласындағы ересек тұрғындарда тіс-жақ аномалияларының таралуы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 6(Т.24). Б. 112-119. doi 10.34689/SH.2022.24.6.015

Авторизируйтесь для отправки комментариев