ЖЕДЕЛ КОРОНАРЛЫҚ СИНДРОММЕН ЖЫПЫЛЫҚ АРИТМИЯСЫ БАР НАУҚАСТАРДА ЖҮРЕК ҚАНТАМЫРЛАРЫНА ТЕРІ АРҚЫЛЫ АРАЛАСУДАН КЕЙІН ТРОМБОЗҒА ҚАРСЫ ТЕРАПИЯ. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.
Кіріспе. Әдебиеттік шолу жыпылық аритмиясы бар науқастарда жүрек қан тамырларына тері арқылы араласу және стенттеуден кейін антитромботикалық комбинациялар мәселелеріне арналған.
Мақсаты: Жыпылық аритмиясы бар науқастарда жүрек қан тамырларына тері арқылы араласу және стенттеуден кейін тромбозға қарсы комбинациялардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы негізгі әдебиеттерді және клиникалық ұсынымдарды талдау
Іздеу стратегиясы: PubMed, Web of Science, Google Scholar іздеу жүйелерінде, eLibrary, CyberLeninka электрондық ғылыми кітапханаларында ғылыми жарияланымдарды іздеу жүргізілді. Іздеу тереңдігі 15 жыл (2006-2021). Жыпылық аритмиясы бар науқастарда жүрек қан тамырларына тері арқылы араласу және стенттеуден кейін тромбозға қарсы комбинациялардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы ақпаратты іздеу
Нәтижелер: Қазіргі уақытта көптеген зерттеулер жүргізілуде,олар жыпылық аритмиясы бар науқастарда жүрек қан тамырларына тері арқылы араласу және стенттеуден кейін оралды антикоагулянттарды қолдануды салыстырады. Ірі рандомизацияланған зерттеулер нәтижелерінің пайда болуымен науқастардың осы санатында тромбозға қарсы терапия бойынша ұсынымдар жаңартылған. Біз жыпылық аритмиясы және жедел коронарлық синдромы бар науқастардағы антитромбоцитарлы терапия мәселесіне арналған қазіргі кездегі әдебиеттерді талдауға және қауіптер мен артықшылықтар туралы мәліметтер беруге тырысамыз.
Қорытынды: Жыпылық аритмиясы бар науқастарда жүрек қан тамырларына тері арқылы араласу және стенттеуден кейін тромбозға қарсы терапия туралы қазіргі заманғы әдебиеттерге шолу P2Y12 ингибиторынан және антикоагулянттан тұратын қос антитромботикалық терапия тиімдірек , ал үштік антитромботикалық терапияда қан кету қаупі жоғары екенін көрсетеді. Нақты агенттерге және емдеу ұзақтығына қатысты шешімдер тромботикалық қауіпке, қан кету қаупіне және науқастың қалауына негізделуі керек.
Көрген адамдардың саны: 248
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Касымова А.А., Мансурова Д. А., Каражанова Л.К., Жунуспекова А.С. Жедел коронарлық синдроммен жыпылық аритмиясы бар науқастарда жүрек қантамырларына тері арқылы араласудан кейін тромбозға қарсы терапия. Әдебиетке шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 6(Т.24). Б. 143-151. doi 10.34689/SH.2022.24.6.019Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW