ТӘЖДІК АРТЕРИЯЛАРДЫ ШУНТТАУ ОТАСЫНАН КЕЙІНГІ КАРДИООҢАЛТУДЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫНАН ӨТКЕН, ЖҮРЕКТІҢ ИШЕМИЯЛЫҚ АУРУЫМЕН ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДЫ БАҚЫЛАУДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ
Өзектілігі: әлбетте, миокардты хирургиялық реваскуляризациялау егде жастағы адамдарда ЖИА емдеуде тиімді процедура болып саналады, өйткені бұл аурудың белгілерін жоюға мүмкіндік береді, өмір жасын ұзартады және науқастың өмір сапасын жақсартады. Оны емдеуде тәждік артерияларды шунттау (ТӘШ) жетекші орын алады. Дегенмен, отадан кейінгі өмір сапасы мен денсаулық жағдайы ғылыми ортада жоғары пікірталас тудырады.
Мақсаты: 65 жастан асқан ЖИА - мен ауыратын (бір жыл бойы бақылауда болған) коронарлық артерияны шунттау операциясынан кейін кардиохирургиялық оңалтудың кешенді бағдарламасынан өткен пациенттермен, белгілі себептермен реабилитациядан өтпеген немесе оны толық өтпеген пациенттердің ұзақ мерзімді нәтижелерді талдау.
Құрал-жабдықтар және әдістер: ЖИА - мен ауыратын егде жастағы науқастарға Аортатәждік шунттау (АТШ) операциясы жасалғаннан кейінгі кардиооңалтудың толық кезеңдерінің науқастың өмір сапасына әсерін зерттеу үшін (орташа 12±3 ай) жалпы топта (n=130) науқас - бір орталықты когортты проспективті зерттеу жүргізілді. Зерттеу барысында науқастардың басым көпшілігі емдеуші – дәрігері тағайындаған антиангинальды және гипотензивты препараттарды, аспирин, статиндерді қабылдаған. Операциядан кейінгі бақылау қайта тексеруге келгенде немесе телефон арқылы өзгерістерді белгілеумен жүзеге асырылды. Күнделікті физикалық белсенділікке аса назар аударылды (6 - минут жаяу жүрумен тест жасалынды), АҚ компенсациясы, ЭКГ динамикалық мониторингі, сол жақ қарыншаның лақтыру фракциясы мен дисфункциясының динамикасын анықтай отырып, ЭХО КГ, бақылау кезеңінде болған барлық тамырлық өзгерістер мен апаттар тіркелді.
Нәтижелер мен қорытындылар: Жасалған зерттеу нәтижелеріне сүйенсек ТАШ – тан кейінгі егде жастағы науқастарда болжамды жағымсыз факторлар қатары анықталды, оның ішінде - көп тамырлы коронарлық артерияның зақымдануы, семіздік, темекі шегу, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, қант диабеті, бақыланбайтын артериялық гипертензия.
Бірақ, негізгі факторларың бірі – кардиооңалту кезеңдерінің болмауы анықталды. Ал кардиооңалтудың барлық кезеңдерін толығымен өткен науқастардың нәтижесі – өмір сапасы жақсарған, стенокардия эпизодтарының және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі дамуының кешеуілдеуі,сондай-ақ науқастардың ЖИА - ның базистік терапиясын жоғары ұстануы.
Тәждік артерияны шунттау отасы жасалған науқастарды оңалту кезеңдері қолжетімді болу үшін және кеңінен қолданысқа енгізу үшін зерттеулер мен ізденістер керек.
Көрген адамдардың саны: 204
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Каяшкин С.А., Джусипов А.К., Карибаев К.Р., Иоффе Е.М. Тәждік артерияларды шунттау отасынан кейінгі кардиооңалтудың кешенді бағдарламасынан өткен, жүректің ишемиялық ауруымен егде жастағы адамдарды бақылауды оңтайландыру // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 6(Т.24). Б. 152-160. doi 10.34689/SH.2022.24.6.020Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ