ДЕНСАУЛЫҚҚА ӘСЕРДІ БАҒАЛАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СЕКТОРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Кіріспе. Денсаулыққа әсерді бағалау – бұл «саясаттың, бағдарламаның немесе жобаның денсаулыққа және популяцияға тигізетін әсерін болжамалы бағалауға көмектесе алатын процедуралар, әдістер мен құралдардың жиынтығы». Әдіснаманың ерекшеліктері сектораралық ынтымақтастықтың қалыпатсуы үшін қолайлы орта қалыптастырады.
Зерттеу мақсаты. ДӘБ әдіснамасының іргелі негіздерін зерделеу және оның сектораралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етудегі рөлі.
Іздеу стратегиясы. Отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектеріне, ғылыми жарияланымдардың орыс және ағылшын тілдеріндегі мәліметтер базасына, сондай - ақ сұр әдебиеттерге әдеби шолу. Іздеудің түйінді сөздері ретінде қолданылды - «ДӘБ және...» : «сектораралық», «ынтымақтастық», «ведомствоаралық», «өзара әрекеттесу». Қосу және алып тастау критерийлері мазмұнның тақырыптық сәйкестігін ескерді.
Нәтижелері. ДӘБ «Барлық стратегиялардағы денсаулық», «Салауатты қалалар» және «Тұрақты даму мақсаттары» сияқты халықаралық бағдарламаларды жүзеге асырудағы негізгі элементтердің бірі болып табылады және жаңа жағдайлар мен қойылған мақсаттарға бейімделе отырып, дамуын жалғастыруда. Әдістеме шешім қабылдаушыларға ұсыныстар әзірлеуге жан-жақты, пәнаралық көзқарасты қамтиды.
Тұжырымдар. Әдіснаманы пайдаланудың әлемдік тәжірибесі оның ведомствоаралық ынтымақтастықты дамытуға, мемлекеттік билік тармақтары, қоғам және жеке сектор арасында диалог пен түсіністік үшін платформа құруға қосқан үлесінің маңыздылығын көрсетеді. ДӘБ-ды одан әрі зерттеу ұсынылады.
Көрген адамдардың саны: 242
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Калел Ж.С., Арингазина А.М., Гулис Г. Денсаулыққа әсерді бағалау Қазақстан Республикасында сектораралық ынтымақтастықты дамыту құралы ретінде // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 6 (Т.24). Б. 187-194. doi 10.34689/SH.2022.24.6.023Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW