ЖАТЫР МОЙНЫНЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ СКРИИНИНГ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ӘЙЕЛ ХАЛҚЫ ЫНТАЛЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАТЫР МОЙЫНЫНЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ СКРИНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІНДЕГІ РӨЛІ. ӘДЕБИ ШОЛУ
Кіріспе. Бұл шолу әлемде жатыр мойнының қатерлі ісігі скринингтік бағдарламаларын (ЖМҚІ) енгізу мәселелерін зерттеуге және жатыр мойнының қатерлі ісігі скринингімен қамтуға әйелдер популяциясының ынталылығының әсерін анықтауға арналған. Жатыр мойнының қатерлі ісігі сырқаттанушылық пен өлім-жітім көрсеткіштерін төмендетуде елеулі нәтижелерге қол жеткізу үшін жатыр мойны обырының алдын-алуға және аурушаңдықты азайтуға бағытталған бағдарламалар мақсатты жастағы барлық әйелдерді толық қамтуды, оларға толық қолжетімділікпен қамтамасыз етуі тиіс. Қазақстан Республикасында (ҚР) Ұлттық бағдарлама аясында 2008 жылдан бастап жатыр мойнының қатерлі ісігінің популяциялық цитологиялық скринингі қолданылуда. Скринингтік бағдарламаларды іске асырудың оң көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін оларға халықтың нысаналы тобының кемінде 70% қатысуы қажет, ҚР жатыр мойнының қатерлі ісігі скринингтік тексеру үшін бұл көрсеткіш 48-50% құрайды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, бұл бағдарламалардың сәтті жүзеге асырылуы халықтың қамту деңгейіне және оларға деген ынталылығына тікелей байланысты.
Мақсаты: әлемде ЖМҚІ скринингтік бағдарламаларын енгізу мәселелерін көрсету үшін әдебиет деректерін талдау және ЖМҚІ скринингімен қамтуға әйелдер халқының ынталылығының әсерін анықтау.
Іздеу стратегиясы. Зерттеуге ағылшын тіліндегі және отандық дереккөздерден, соңғы 20 жылда жарияланған рецензияланған журналдардағы ғылыми мақалалардан қажетті ақпаратты іздеу және талдау кірді. «ЖМҚІ скринингтік бағдарламалары», «ЖМҚІ скринингтік бағдарламасының жүзеге асырылу мәселелері», «Әйелдердің ЖМҚІ скринингтік тексеруіне ынталылығы», «ЖМҚІ скринингтік бағдарламасымен қамтылуы» сұрақтары бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижелер. Осы әдиби шолу зерттеудің нәтижелері скринингтік бағдарламаны жүзеге асырудағы негізгі мәселелерді көрсетті. Сондай-ақ әйелдер популяциясының ынталылығының төмен деңгейі мен ЖМҚІ скринингтік бағдарламасының қамтылуы арасындағы байланысты айқындады. Әртүрлі елдерде жүргізілген зерттеулер ЖМҚІ скринингтік бағдарламаларын оңтайландыру, қамтуды ұлғайту және әйелдердің ЖМҚІ скринингке деген ынталылығын арттыру қажеттілігін көрсетеді.
Қорытынды. ЖМҚІ, әрине, әлемде жатыр мойны обырының ауыртпалығын азайтуға бағытталған үлкен прогресс. Дегенмен, сырқаттанушылық пен өлім-жітім көрсеткіштерін төмендету бойынша түпкілікті мақсатқа жету үшін кешенді тәсіл қажет, оның негізі әйелдердің ЖМҚІ скринингіне қатысуын зерттеу және арттыру болуы тиіс.
Көрген адамдардың саны: 315
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Жетписбаева И.А., Касымбекова Ф.Д., Сармулдаева Ш.К., Глушкова Н.Е. Жатыр мойнының қатерлі ісігінің скриининг бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері. Әйел халқы ынталылығының. Жатыр мойынының қатерлі ісігінің скрининг бағдарламасының тиімділігіндегі рөлі. Әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 6(Т.24). Б. 212-220. doi 10.34689/SH.2022.24.6.026Ұқсас жариялымдар:
ДЕРМАТОФИТТЕРДІҢ АНТИМИКОТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
БРОНХӨКПЕЛІК ДИСПЛАЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФОРМАТИКАНЫҢ РӨЛІ
ӨКПЕНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ВИЗУАЛДЫ СКРИНИНГТІҢ МАҢЫЗДЫҒЫ
БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАТЫН ҚАБЫЛДАМАУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
СҮТ БЕЗДЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ӘДІСТЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ