ПАРКИНСОН АУРУЫНЫҢ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Кіріспе. Паркинсон ауруы соңғы онжылдықтарда қазіргі әлемде өзекті мәселе. Ауру экстрапирамидалық жүйенің патологиясына жатады, яғни мидың терең бөліктері зардап шегеді, базальды ганглия деп аталады. Физикалық тексеру кезінде, бір қарағанда, қозғалыстың бұзылуы көзге түседі, ал науқас адам өзі немесе оның туыстары қозғалыс бұзылыстарына байланысты шағымдар жасайды. Алайда, осы шағымдар түскен кезден 5-10 жыл бұрын ұйқының бұзылуы, апатия, шаршаудың жоғарылауы және іш қату сияқты моторлы емес көріністерден бастау алады. Генетикалық зерттеулерге сәйкес, ауры жағдайларың 10-15 пайызы гендердегі мутациялардан туындайды. Аурудың этиологиясы әлі күнге дейін түсініксіз, бірақ бұл генетикалық және сыртқы факторларының орта ілеспе әсерінің салдары деп саналады.
Мақсаты: Бұл шолуда Паркинсон ауруының қауіп факторлары туралы тиісті ақпарат бағаланады.
Іздеу стратегиясы. Әдебиеттерді іздеу PubMed, Web of Science және Scopus библиографиялық дерекқорлары арқылы жүргізілді. Іздеу үшін «Паркинсон ауруы», «эпидемиология», «этиология», «қауіп факторлары», «жыныс», «жасы» деген түйінді сөздерд қолданды. Іздеу тереңдігі 10 жыл (2011–2021). Қырық үш мақала аналитикалық материал ретінде таңдалды және сыни бағалау процесінен өтті. Бірнеше жағдайда тарихи және ғылыми құндылығы бар бұрынғы басылымға сілтеме бар. Әдебиетті іздеу тек ағылшын тіліндегі басылымдарды қамтыды.
Нәтижелер мен қорытындылар. Нәтижесінде, 43 мақала талданды. Паркинсон ауруы генетикалық және сыртқы факторлардың өзара әрекеттесуінен туындайтын күрделі нейродегенеративті ауру екендігі анықталды. Бұл өз кезегінде дененің көптеген негізгі жасушалық процестеріне әсер етеді. Яғни, қоршаған ортаның әсері Паркинсон ауруының дамуына ықпал етуі мүмкін, бұл аурудың қауіп факторларын анықтаудың маңыздылығын көрсетеді. Патогенез механизмдерін түсіну жаңа терапевтік мақсаттарды анықтауға мүмкіндік береді, бұл кейіннен жаңа біріктірілген, мүмкін жеке емдеу әдістерін жасауға көмектеседі.
Көрген адамдардың саны: 342
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Абдраимова С.О., Жаркинбекова Н.А. Паркинсон ауруының қауіп факторлары. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 6 (Т.24). Б. 245-250. doi10.34689/SH.2022.24.6.029Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW