Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЖАРАҚАТТАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ҚАУІПТІ ФАКТОРЛАРЫ
Зерттеудің өзектілігі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) абайсызда жарақаттану себептерін бірнеше категориялар бойынша қарастырады: жол жарақаттары; улану; құлау; от, жылу және ыстық заттардың әсері; суға бату; механикалық күштердің әсері; табиғи апаттар; басқа да кездейсоқ жарақаттар. Жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) орташа жылдық шығыны дамушы елдерде жалпы ішкі өнімнің 1%, өтпелі елдерде 1,5% және жоғары моторлы елдерде 2% баламалы болды. Дүние жүзінде жол апатының жылдық шығыны 518 миллиард долларды, ал табысы төмен және орташа елдерде шамамен 65 миллиард долларды құрайды. Тұрмыстық жарақаттардың ішінде егде жастағы және қарт адамдардың құлауы нәтижесіндегі жарақаттар жиі кездеседі. Зерттеу мақсаты. Шетелдік және отандық ғылыми басылымдардан ақпараттық іздестіру жүргізу арқылы Қазақстан Республикасында және әлемде жарақаттану дамуының қауіп факторларын зерттеу. Іздеу стратегиясы. Ғылыми басылымдарға әдебиеттерді іздеу MEDLINE, PubMed, EMBASE, Web of Science, Google Scholar және e-library деректер қорларында жүргізілді. Іздеу тереңдігі 20 жылды құрады (2000 жылдан 2021 жылға дейін). Зерттеу нәтижелері. Дүние жүзіндегі гендерлік қатынаста орта есеппен әйелдер күйік жарақатына көбірек ұшыраған. Кейбір зерттеулер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін көлік жылдамдығының жоғарылауы мен жол-көлік оқиғасы кезінде жарақат алу қаупінің жоғарылауы арасындағы тығыз байланысты көрсетті, бұл барлық апаттардың 50% құрайды. Жол-көлік оқиғаларының қаупін арттыратын факторларға жүргізушілердің алкогольді ішімдік ішуі, шаршау, көлік жүргізу кезінде ұялы телефондарды пайдалану, жол қозғалысының нашар көрінуі, жүргізушінің созылмалы ұйқышылдығы, жұмыс уақытынан тыс жұмыс жатады. Зорлық-зомбылық пен жол-көлік оқиғаларын қоса алғанда, жарақат алу қаупін арттыратын алкогольдің жағымсыз әсерлері жылына барлық өлімнің 3 миллион (5%) нәтижесі болды. Бірқатар зерттеулерге сәйкес, ауа-райының жарақаттанудың пайда болуына әсері атап өтілді, сондықтан қатты жаңбырлы күндерде құлау көбірек болды, қоршаған ортаның қатты температурасы жылу мен суықтан тікелей жарақаттарға әкелді, физикалық жүктеме кезінде жылу соққысы кәсіби денсаулыққа белгілі қауіп болды. Қорытынды. Кездейсоқ жарақаттардың кейбір аспектілерін зерттей келе, өз қауіпсіздігін сақтамаумен байланысты мінез-құлық көптеген денсаулық проблемаларына ықпал етеді деп қорытынды жасауға болады. Тәуекел факторларының табиғатын зерделеу, абайсызда жарақаттанудың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан шараларды тұрақты бағалау және экономикалық әсер ету бүгінгі күннің өзекті мәселелері болып табылады.
Көрген адамдардың саны: 241

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Ни Р., Арингазина А.М., Болатов А.К., Аскеров Р.А., Глушкова Н.Е., Смаилова Д.С. Жарақаттардың дамуының қауіпті факторлары // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 6(Т.24). Б. 251-258. doi 10.34689/SH.2022.24.6.030

Авторизируйтесь для отправки комментариев