Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ГИПОТИРЕОЗБЕН ГИПЕРПРОАКТИНЕМИЯ ҮЙЛЕСІМІ КЕЗІНДЕГІ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ. ӘДЕБИ ШОЛУ.
Өзектілігі. Менструальдық бұзылыстар гинекологиялық эндокринологиядағы ең көп таралған шағым болып табылады, ол гиперпролактинемия, қалқанша безінің ауруы немесе осындай гормоналды бұзылулардың үйлесімі кезінде дамуы мүмкін. Гипотиреоз бен гиперпролактинемиялық гипогонадизмнің комбинациясы бар науқастарды емдеу әдістер күрделі және толығымен зерттелмеген мәселе болып табылады. Мақсаты. Менструальдық бұзылыстармен қатар жүретін, гиперпролактинемия мен гипотиреозды емдеу әдістерін зерттеуге бағытталған қолда бар әдебиеттерді талдау. Іздеу стратегиялары. Мақалада PubMed, Web of Science, Google Scholar деректер базасында және e-Library.ru ғылыми электронды кітапханасында түйінді сөздер бойынша (гипотиреоз, гиперпролактинемия. етеккір циклының бұзылуы) жарияланған басылымдар қамтылған. Іздеу тереңдігі 10 жыл (2001–2021) болды. Сондай-ақ бұрынғы ғылыми құнды еңбектерге сілтемелер қолданылды. Әдебиеттерді іздеуге орыс және ағылшын тілдеріндегі басылымдар кірді. Нәтижелер мен қорытындылар. Мақалада гиперпролактикалық гипогонадизм, гипотиреоз, оның ішінде субклиникалық, сондай-ақ осы нозологиялардың үйлесуін емдеудің негізгі әдістері сипатталған. Осы уақытқа дейін гипотиреоз және функционалды гиперпролактинемиямен ауыратын науқастарды емдеудің оңтайлы әдісін таңдау мәселесі шешілген жоқ. Бірқатар авторлар бұл жағдайларда пролактин деңгейінің қалыпқа келуіне және клиникалық көріністердің азаюына әкелетін қалқанша безінің гормоналдық дәрілерімен алмастыру терапиясын жүргізу жеткілікті екенін көрсетеді. Басқа авторлар бұл жағдайда пролактин секрециясын басу үшін допаминдік рецепторлардың агонистерін қосымша тағайындаған жөн деп санайды.
Көрген адамдардың саны: 247

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Шорманова Л.Ж., Габдильашимова З.Т., Ахмедьянова Г.У., Хамидуллина З.Г. Гипотиреозбен гиперпроактинемия үйлесімі кезіндегі емдеу әдістері. Әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 6(Т.24). Б. 259-267. doi 10.34689/SH.2022.24.6.031

Авторизируйтесь для отправки комментариев