ЖУСАН ТОЗАҢЫМЕН ШАҚЫРЫЛАТЫН АЛЛЕРГИЯЛЫҚ РИНИТ ПЕН БРОНХИАЛДЫ ДЕМІКПЕНІНІҢ ТЫШҚАН МОДЕЛІН ЖАСАУ
Өзектілігі. Индустриалды дамыған елдердің тұрғындары арасында аллергиялық аурулардың таралуы 35%-ға жетті және сарапшылардың бағалауы бойынша келесі онжылдықта олардың одан әрі өсуі болжануда. АСИТ- аллергиялық процестің табиғи ағымын өзгерте алатын жалғыз терапиялық тәсіл. Аллергиялық аурулардың жаһандық таралуы және коммерциялық қол жетімді АСИТ препараттарының жетіксіздігі аллергияны емдеудің жаңа әдістерін іздеуді немесе қолданыстағы әдістерді жетілдіруді қажет етеді, бұл өз кезегінде зертханалық жануарларда аллергиялық ауруларды дұрыс модельдеуді қажет етеді.
Мақсаты:. Аллерген спецификалық иммунотерапияға арналған жаңа вакцинаны болашақта әзірлеу үшін тышқандардағы аллергиялық бронхиалды демікпені және аллергиялық ринитті модельдеу.
Материалдар мен әдістер: Зерттеу дизайны: эксперименттік-клиникаға дейінгі перспективалық когорттық зерттеу. Зертханалық жануарлармен жұмыстың барлық циклі 2020 жылғы қыркүйектен 2021 жылғы қаңтарға дейін ҚР ДСМ М. Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығында (АҚИҰҒО) орындалды. IgE-ассосацияланған бронхиалды демікпені модельдеу үшін 8-12 апталық SPF BALB/c ұрғашы тышқандары пайдаланылды. Тышқандар ащы және қарапайым жусан сығындылары, сондай-ақ екеуінің араласқан түрін пайдалана отырып, интраназальды (ИН) және интраперитонеальді (ИП) тәсілдермен сенситизацияланды. Бұл аллергендерді таңдау олардың Қазақстандағы маусымдық поллиноздың ең үлкен жағдайларында себепкер болуына байланысты. Тышқандардағы аллергия деңгейін бағалау кезінде антиденелерді, цитокиндерді, жасушалық иммундық жауаптарды, клиникалық белгілерді және өкпенің гистологиялық талдауын зерттеуді қамтитын кешенді тәсілдер қолданылды. Өзгермелі айнымалылардың эксперименттік алынған үлгілерін статистикалық өңдеудің жалпы қабылданған әдістері қолданылды. Үлгінің орташа мәні (X), орташа квадраттық қате (m) анықталды. Көрсеткіштер мен топтар арасындағы айырмашылықтардың дұрыстығы Graph Pad prism 8 (Graph Pad Software, Inc., La Jolla, CA, USA) статистикалық бағдарламасын қолдану арқылы анықталды.
Жаңалығы: Алғаш рет ащы және қарапайым жусан сығындыларымен, сондай-ақ екеуінің араласқан түрін пайдалана отырып, интраназальды және интраперитонеальды әдістермен аллергиялық ринит пен аллергиялық бронх демікпені лабораториялық тышқанда модельденді.
Нәтижелер: Сыналған аллергендердің ішінде ең аллергизациялайтын әсерге интраперитонеальды сентитизация режиміндегі қарапайым жусан сығындысы ие болды: жалпы және антиген спецификалық IgE антиденелерінің жоғарылауы, IgG1/IgG2a антиденелер қатынасы бойынша иммундық жауаптың Th2-ге айқын поляризациясын тудырды, құлақ сынағында оң реакция тудырды, өкпеде IL-5 аллергиялық қабыну цитокинінің экспрессиясымен жүретін периваскулярлық және эозинофильді қабынуы байқалды.
Қорытынды: Тышқандарда аллергиялық бронх демікпесі мен аллергиялық ринитті модельдеу кезінде интраперитонеальды сентитизация режимінде қарапайым жусан сығындысы ең аллергизациялайтын әсерге ие болды.
Көрген адамдардың саны: 232
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Бабаева М.Е., Табынов Қ.Қ., Нұрпеисов Т.Т., Табынов Қайс.Қ. Жусан тозаңымен шақырылатын аллергиялық ринит пен бронхиалды демікпенінің тышқан моделін жасау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 6(Т.24). Б. 277-288. doi 10.34689/SH.2022.24.6.033Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ