АУТОИММУНДЫ ТИРЕОИДИТ КЕЗІНДЕГІ БІРІНШІЛІК ІСІКТІҢ ЖОҚТЫҒЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МОЙЫН БӨЛІМІ ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІНДЕГІ МЕТАСТАТИКАЛЫҚ ПАПИЛЛЯРЛЫ ҚАЛҚАНША БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ: СИРЕК АУРУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
Кіріспе: Мойын бөліміндегі қалқанша безінің метастаздық папиллярлы карциномасы қалқанша безінің біріншілік ісігінсіз және созылмалы тиреоидит негізінде сирек тіркеледі, ауыр анықталады. Біз қалқанша безінің екі жағынан да біріншілік ісігі болмаған және мойын бөлімінің лимфа түйіндеріне метастаз бермеген 39 жастағы әйел адамның жағдайын сипаттаймыз.
Клиникалық жағдай: Ота алдындағы зерттеу мәліметтері бойынша науқас аутоиммунды тиреоидит бойынша левотироксинмен ем қабылдауда болған. Науқасқа толық тиреоидэктомия және лимфодиссекция жүргізілген. Қалқанша безінің папиллярлы карциномасының метастаздары орталық лимфа түйіндерінде анықталған, қалқанша безіне жүргізілген бірнеше терең тілмелер біріншілік ісікті анықтамады. 2 жылдық бақылаудан кейін науқаста ісік метастаздары анықталмады.
Нәтижелер: Иммуногистохимия нәтижелері метастаздық лимфа түйіндері тиреоглобулин, галектин-3, HBME-1, цитокератин 19 оң және BRAFV600E теріс болғанын көрсетті, Ki-67 LI >15% болды. TERT промоторы мутациясына молекулалық анализ теріс нәтиже көрсетті.
Қорытынды: Біріншілік ісікті анықтай алмау ісіктің кіші мөлшерімен (<3 мм) және/немесе қалқанша безінің жайылмалы фиброзымен байланысты болуы мүмкін. Біздің ойымызша, аутоиммунды тиреоидит болған кезде диагнозды жіберіп алмау және емді кешіктірмеу үшін лимфа түйіндеріне біріншілік ісіксіз назар аудару керек.
Көрген адамдардың саны: 307
Мақалалар санаты:
Клиникалық жағдай
Библиографиялық сілтемелер
Мусажанова Ж., Таргынова А., Муканова A., Кайдарова С., Шалгимбаева Г., Мадиева M., Пак Л., Жабагин K., Белихина T., Рахимжанова Г., Елеубаева Ж., Болсынбекова С., Калматаева Ж., Исаева Р., Сарсенова Л., Умирова Р., Накашима M. Аутоиммунды тиреоидит кезіндегі біріншілік ісіктің жоқтығы жағдайындағы мойын бөлімі лимфа түйіндеріндегі метастатикалық папиллярлы қалқанша безінің қатерлі ісігі: сирек ауруды диагностикалау және басқару // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 6 (Т.24). Б. 289-293. doi 10.34689/SH.2022.24.6.034Ұқсас жариялымдар:
EXTRAPULMONARY TUBERCULOSIS IN A KAZAKH PATIENT WITH MIXED CONNECTIVE TISSUE DISEASE. СLINICAL CASE
THE EFFECT OF STEROID THERAPY ON BONE TISSUE IN RHEUMATIC DISEASES (DESCRIPTION OF A CLINICAL CASE)
A CLINICAL CASE OF ECHINOCOCCOSIS OF THE SPINE
DRUG-INDUCED LIVER DAMAGE. CLINICAL CASE
КЛИНИЧЕСКОЕ НАБЛЮДЕНИЕ БОЛЕЗНИ БЕХЧЕТА У ЖЕНЩИНЫ 36 ЛЕТ