Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
«БІРЫҢҒАЙ ДЕНСАУЛЫҚ» ҚАҒИДАТТАРЫН ЕНГІЗУ БОЙЫНША ЕЛДЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ.
Өзектілігі: COVID-19 пандемиясының жаһандық салдары бүгінде «Қоршаған орта-жануарлар-адам-экожүйелер» түйіскен жерінде пайда болатын ықтимал немесе бар қауіптерді жою үшін үйлестірілген, бірлескен, пәнаралық және сектораралық тәсілді қолдануды көздейтін Денсаулық сақтау жүйесі үшін «Бірыңғай денсаулық» тұжырымдамасының маңыздылығын көрсетеді. Жұмыстың мақсаты «Бірыңғай денсаулық» тұжырымдамасын енгізу бойынша елдердің тәжірибесін зерделеу болып табылады. Іздеу стратегиясы: Зерттеу тақырыбы бойынша жарияланымдарды, e-Library, Google Academy, PubMed, Web of Science, Scopus электрондық кітапханасының дерекқорларында индекстелген дереккөздерді салыстырмалы талдау. Еуропалық Одақтың, Оңтүстік Американың және Африканың 26 елінде «Бірыңғай денсаулық» қағидаттарын енгізу тәжірибесі талдауға алынды. Институционалдық негіз; сектораралық өзара іс-қимыл тетіктері және «Бірыңғай денсаулық» тұжырымдамасын енгізу жөніндегі бағдарламалар/ құралдар сияқты тақырыптар қаралды. Нәтижелері: Әдебиеттерге шолу 26 елде «Бірыңғай денсаулық» тұжырымдамасын енгізу тәжірибесіне салыстырмалы талдау жүргізді. Халық қауіпсіздігінің жалпы тұжырымдамасындағы «Бірыңғай денсаулықтың» маңыздылығын түсіне отырып, соңғы онжылдықта елдер оны ілгерілету бойынша белсенді саясатты бастады. Ел саясатына тән белгілер ел үкіметі тарапынан тиісті қолдаумен тәсілдің сектораралық сипаты, бастаманы ілгерілетудегі барлық қатысушылардың белсенділігі және оларды инвестициялау болып табылады.
Көрген адамдардың саны: 165

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Ақпанова Т.Ж., Рахыпбеков Т.К. «Бірыңғай денсаулық» қағидаттарын енгізу бойынша елдердің тәжірибесі. Салыстырмалы талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 1 (Т.25). Б. 50-58. doi 10.34689/SH.2023.25.1.006

Авторизируйтесь для отправки комментариев