Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАН АЙНАЛЫМЫН ҚОЛДАЙТЫН ҚҰРЫЛҒЫСЫ ИМПЛАНТАЦИЯЛАНҒАН ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ВАРФАРИН ДОЗАСЫН ЕСЕПТЕУ
Өзектілігі. Сол жақ қарыншаның көмекші механикалық құрылғысы (Left ventricular assist device, LVAD) жүрек жеткіліксіздігі (ЖЖ) бар науқастарға арналған балама емдеу әдісі болып табылады, ол соңғы сатыдағы пациенттердің өмір сапасын жақсартады. Жақсарғанына қарамастан, 70% ЖЖ пациенттерінде тромбоз/ қан кету асқынулары пайда болады LVAD имплантациясынан кейін. Тромбоздың асқынуын азайту үшін антикоагулянттық емдеу варфаринмен әдетте тағайындалады. Дегенмен, тромбоз/қан кету асқынулары емдеудің дұрыс емес дозасынан туындайды. Дозаның өзгергіштігіне 50%-ға әсер ететін, К витаминінің эпоксид-редуктаза кешенінің (VKORC1) және P450-2C9 цитохромының (CYP2C9) генетикалық нұсқалары арқылы варфариннің дозасын анықтауға болады. Мақсаты. Біздің зерттеуіміздің мақсаты гендік полиморфизмге байланысты варфарин дозасының өзгергіштігін және олардың жүрек жеткіліксіздігі бар науқастардағы клиникалық дозадан айырмашылығын анықтау болып табылады. Материалдар мен әдістер. Жағдайлар сериясына зерттеуге LVAD құрылғысы имплантациясынан кейін варфаринмен емделген 98 ЖЖ пациенттері (асқынулары жоқ – 74 пациент, асқынулары бар - 24 пациент ) қамтылды. Варфарин дозасының клиникалық айырмашылығы VKORC1 генінде полиморфизмдерінің rs9923231 және rs9934438 генотиптерінің арасында анықталды. Сонымен қатар, варфариннің дозасы генетикалық сынақ нәтижелері бойынша есептелді және клиникалық дозамен салыстырылды. Нәтижелер. VKORC1 гендік полиморфизмінің үш генотипі арасындағы варфарин клиникалық дозасы айтарлықтай айырмашылықты көрсетті. ЖЖ бар емделушілер VKORC1 генінің rs9934438 полиморфизмінде, мутантты генотипке қарағанда (<2,5 мг) жабайы типте варфариннің жоғары дозасын қабылдады, (3,88 ± 1,25 қарсы 2,44 ± 0,81, p = 0,00005). Қорытынды. Варфариннің генотипі бойынша дозаның нақты дозасын анықтауға және LVAD пациенттеріндегі нәтижелерді жақсартуы мүмкін.
Көрген адамдардың саны: 164

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Жалбинова М.Р., Рахимова С.Е., Андосова С.А., Акильжанова Г.А., Бекбосынова М.С., Акильжанова А.Р. Механикалық қан айналымын қолдайтын құрылғысы имплантацияланған жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда варфарин дозасын есептеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 1 (Т.25). Б. 59-66. doi 10.34689/SH.2023.25.1.007

Авторизируйтесь для отправки комментариев