NAFLD FIBROSIS SCORE ИНДЕКСІ КӨМЕГІМЕН СҮЛЕЛІ ПАНКРЕАТИТІ БАР НАУҚАС АДАМДАРДА БАУЫР СТЕАТОЗЫ ТАРАЛУЫН БАҒАЛАУ
Кіріспе: 2 типті қант диабеті, семіздік және артериялық гипертензия фонында дамитын алкогольді емес майлы бауыр ауруы (БАЕМА) соңғы жылдары ең көп таралған созылмалы метаболизмдік аурулардың біріне айналды. Панкреатит кезінде бауырдың майлы дистрофиясы немесе БАЕМА болуы 18-ден 43% -ға дейін кездеседі, бұл өз кезегінде панкреатиттің ағымын нашарлатады.
Мақсаты: Сүлелі панкреатиті бар науқас адамдарда NAFLD Fibrosis Score индексінің көмегімен бауыр фиброзы түріндегі бауырдың алкогольсіз майлы ауруының таралуын зерттеу.
Материалдар мен әдістер: Зерттеудің дизайны – бір сатылы ретроспективті көлденең зерттеу. Қосылу критерийлері: 01.01.2021 бастап 31.12.2022 аралығындағы кезеңде «Семей медицина университетінің» КеАҚ Университет госпиталінің Гастроэнтерология бөлімінде сүлелі панкреатит диагнозымен стационарлық ем қабылдаған 18 жастан 75 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер. Алып тастау критерийлері: қатерлі ісіктердің болуы; жүктілік, лактация. Бауырдағы фиброзды өзгерістер NAFLD Fibrosis Score арқылы бағаланды.
Нәтижелер: Жыныс және ДСИ бойынша NAFLD Fibrosis Score индексінің орташа мәндерін зерттеу кезінде статистикалық маңызды айырмашылық анықталды. Бауыр фиброзының дәрежесі бойынша қауіп факторларының таралуын зерттеу кезінде ДСИ көрсеткіштерімен ассоциациялық байланыс анықталды (p=0,001). Бауыр фиброзының даму мүмкіндігі фиброз дәрежесіне қарамастан, артық салмағы және семіздігі бар науқас адамдарда ДСИ қалыпты адамдармен салыстырғанда 2,94 есе (95% МИ: 1,67-5,3) (p=0,001) өсті. ROC-қисықтарының құрылысымен ROC-талдау кезінде бауыр фиброзының дәрежесінің болжамы мен ДСИ көрсеткіштерінің арасындағы байланысты анықталды (p=0,0001). Бірдей немесе жоғары ДСИ кезінде бауыр фиброзының даму қаупі жоғары болатыны болжанды. Әдістің сезімталдығы мен арнайылығы 95% және 76,9% сәйкесінше құрады. Сондай-ақ, бауыр фиброзы дәрежесінің болжамы мен жасы арасында корреляция анықталды (p=0,0001). Бірдей немесе одан жоғары жаста бауыр фиброзының даму қаупі жоғары болатыны болжанды. Әдістің сезімталдығы мен арнайылығы 98,8% және 79,3% сәйкесінше құрады.
Тұжырымдар: Осылайша, күнделікті өмірде NAFLD Fibrosis Score қолдану 35 жастан асқан және 22,76-дан жоғары ДСИ бар кезде бауыр фиброзын дер кезінде және арзан анықтауға мүмкіндік береді.
Көрген адамдардың саны: 175
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Шаханова А.Т., Жумадилова З.К., Каскабаева А.Ш., Шаханов Т.Е., Жылкыбаева К.Ш., Муздубаев Д.К. NAFLD Fibrosis Score индексі көмегімен сүлелі панкреатиті бар науқас адамдарда бауыр стеатозы таралуын бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 1(Т.25). Б. 67-73. doi 10.34689/SH.2023.25.1.008Ұқсас жариялымдар:
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETY STRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАННЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУДЫ БАҒАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ АРАСЫНДА СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ БАСТАЛУЫ ЖАЙЫНДА