ЕМДЕУГЕ КЕЛЕТІН НЕСЕП-ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫНАН ТУЫНДАЛҒАН ӨЛІМ-ЖІТІМ ДЕҢГЕЙІН ЗЕРТТЕУ
Кіріспе. Соңғы жылдары несеп-жыныс жүйесі ауруларының өсуі байқалды. Мысалы, Global Burden of Disease мәліметтері бойынша, 2019 жылы шамамен 404,61 миллион жағдай және 236 790 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, 1990-2019 жылдар аралығында өлім-жітім деңгейі 2,4 есе өсті, бұл ретте жас бойынша стандартталған өлім коэффициенті 100 000 тұрғынға шаққанда 2,77-ден 3,13-ке дейін өсті.
Біздің зерттеуіміздің мақсаты Қазақстандағы несеп-жыныс жүйесі ауруларынан емделетін өлімді есептеу.
Зерттеу әдістері. Статистикалық деректер Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросынан алынды (https://stat.gov.kz). Деректер Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әзірлеген критерийлер мен индикаторлар негізінде қалыптастырылды, олар Қазақстан Республикасы мен облыстағы жас санаттары және өлім себептері бойынша өлім санын қамтиды. Деректер 2015 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде 5 жас тобына бөлінген.
Нәтижелері. Жалпы ҚР бойынша бүйрек жеткіліксіздігінен емделетін өлім-жітім 100 000 тұрғынға шаққанда 6,76-дан 11,14-ке өсті, атап айтқанда, өсім 2015 жылмен салыстырғанда 2021 жылы Қазақстанның алты өңірінде үш еседен астам жоғары болды. ҚР бойынша 2021 жылы бүйрек жеткіліксіздігінен емделетін өлім-жітімнің жоғары көрсеткіші тоғыз өңірдегі 100 000 тұрғынға шаққанда 10 және одан жоғары болды.
Қортынды. Халықаралық зерттеулерді талдау несеп-жыныс жүйесі ауруларының ауыртпалығының өсуін көрсетеді, сондықтан алдын алу және емдеу шараларын жақсарту қажеттілігі байқалады, әсіресе емделетін өлім-жітім өскен аймақтарда.
Көрген адамдардың саны: 205
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Кошербаева Л., Самамбаева А., Ахтаева Н., Толганбаева К., Имаматдинова А. Емдеуге келетін несеп-жыныс жүйесінің ауруларынан туындалған өлім-жітім деңгейін зерттеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 1 (Т.25). Б. 79-85. doi 10.34689/SH.2023.25.1.010Ұқсас жариялымдар:
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETY STRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАННЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУДЫ БАҒАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ АРАСЫНДА СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ БАСТАЛУЫ ЖАЙЫНДА