Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АНТИБИОТИКТЕРДІ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАНУЫН БАҒАЛАУ
Кіріспе. Микроорганизмдердің дәрілік заттарға төзімділігін алу осы микроорганизмдер тудыратын ауруларды емдеу мүмкіндіктерін тарылтады. Микробқа қарсы тұрақтылықтың пайда болуы бүкіл әлемде және микроорганизмдердің кең ауқымында байқалады. Бұл құбылыстың таралуы өсіп, адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіруде. Төзімді микроорганизмдермен инфекцияның салдары ауыр болуы мүмкін, соның ішінде аурудың ұзағырақ ағымы, өлім-жітімнің жоғарылауы, ауруханаға жатқызудың ұзағырақ болуы, операциялар мен басқа да медициналық процедуралар кезінде пациенттерді инфекциядан әлсіз қорғау және емдеу құнының артуы. Микробқа қарсы препараттарға төзімділік денсаулық сақтаудың барлық салаларына және әртүрлі секторларына,жалпы қоғамға әсер етеді. Материалдар мен әдістер: ДДҰ-ның "Антибиотиктерге төзімділік: тұрғындардын ақпараттануын көп елдік зерттеу" сауалнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында медициналық білімі жоқ және 18 жастан асқан 727 адам арасында 2021 жылдың қазан айынан 2022 жылдың наурыз айына дейін антибиотиктердің білімін, көзқарасын және қолданылуын өзара зерттеу жүргізілді. Нәтижелері: Респонденттердің 20,2% - ы соңғы 6 айда антибиотиктерді, 21,7% - ы соңғы айда қабылдады. 52% - ы дәрігерден антибиотиктерге рецепт алғанын, 35% - ы рецептсіз және 13% - ы есінде жоқ екенін айтты. Сауалнамаға қатысқандардың 28,3% - ы өздерін жақсы сезінген кезде антибиотиктерді қабылдауды тоқтату керек деп санайды. Тұрғындардың 41% - ы дәл осындай белгілермен қайтадан ауырған кезде дәрігерден бұрын көмектескен антибиотик сатып алатынын немесе сұрайтынын айтты. Қорытынды: Респонденттердің жауаптарының нәтижелері бойынша халықтың антибиотиктер туралы білімі жеткіліксіз және қоғамдық денсаулық сақтау мамандары да, бастапқы деңгейде де осы препараттар туралы халықтың ақпараттануын арттыру қажет деген қорытынды жасауға болады.
Көрген адамдардың саны: 161

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Искакова Н.С., Хисметова З.А., Сарсенбаева Г.Ж., Джусупов К.О., Серикова-Есенгельдина Д.С., Садибекова Ж.У. Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының антибиотиктерді қолдану туралы ақпараттануын бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 1 (Т.25). Б. 123-139. doi 10.34689/SH.2023.25.1.016

Авторизируйтесь для отправки комментариев