Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ЖОҒАРҒЫ БЛЕФАРОПЛАСТИКА: ЫҚТИМАЛ ФУНКЦИОНАЛДЫ АСҚЫНУЛАРЫ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ.
Өзектілігі. Шолу жоғарғы блефаропластиканы жасататын науқастарда кездесуі ықтимал функционалдық асқынуларды талқылауға арналған. Жұмыстың мақсаты эстетикалық жоғарғы блефаропластиканы орындау кезінде мүмкін болатын функционалдық асқынулар мәселелеріне қатысты әдебиет көздерін зерттеу болып табылады. Іздеу стратегиясы. Эстетикалық жоғарғы блефаропластикадағы мүмкін болатын функционалдық асқынуларға қатысты жарияланымдарды іздеу индекстелген Pubmed, Web of Science, Scopus деректер базасында, сондай-ақ e-Library дерекқорларында жүргізілді. Библиографиялық редактор және Менделей кеңейтімі қолданылды. Ағылшын тіліндегі мақалалар қарастырылды. Іздеу тереңдігі 10 жыл, бірақ кейбір дереккөздер (1975, 1985, 1995, 1998) да осы шолуға қосылды, өйткені оларда тұжырымдамалық (негізгі) ақпарат бар. Іздеуде қолданылған сөздер келесідей болды: жоғарғы блефаропластика; Азиялық блефаропластика; функционалдық асқынулар; қабақтың эстетикалық операциясы. Барлығы 183 әдебиет көзі табылды, оның ішінде 50 басылым әрі қарай талдау үшін таңдалды. Нәтижелер. Жоғарғы қабақтың эстетикалық операциясынан кейінгі асқынулар функционалды, эстетикалық немесе екеуінің комбинациясы болып бөлінеді. Эстетикалық жоғарғы блефаропластикадан кейінгі функционалдық мәселелерге мыналар жатады: қан кету, кератопатия/құрғақ көз, инфекция, көздің тітіркенуі, лагофтальм, хемоз, көз жасы безінің жарақаты, көру қабілетінің жоғалуы және т.б. Біздің күш-жігеріміз қазіргі уақыттағы өзекті әдебиеттерді егжей-тегжейлі талдауға бағытталды. Сонымен қатар, мақаладағы әрбір мәселе жеке талқыланады. Қорытынды. Жоғарғы блефаропластикада кездесетін функционалдық асқынуларды мұқият талдау жағымсыз құбылыстардың пайда болуына жол бермейді және операциядан кейінгі нәтижені, пациенттің қанағаттануын жақсартады. Осы тақырыпты терең және мұқият зерделеу эстетикалық жоғарғы блефаропластикадан кейін науқастарды периоперациялық басқару әдістерін жақсартуға көмектеседі.
Көрген адамдардың саны: 142

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Досан А., Джумабеков А., Доскалиев А., Нурмаганов С. Эстетикалық жоғарғы блефаропластика: ықтимал функционалды асқынулары. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 1 (Т.25). Б. 190-197. doi 10.34689/SH.2023.25.1.023

Авторизируйтесь для отправки комментариев