НӘРЕСТЕЛЕРДЕГІ МИКРОБИОТАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДИНАМИКАСЫ МӘСЕЛЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Өзектілігі: Адам микробиомасы күрделі және динамикалық экожүйе құрайды. Ол иесінің зат алмасуы мен физиологиясында маңызды рөл атқарады. Зерттеулер нәтижесі адам микробиомасы мен иесінің метаболизмі арасындағы маңызды қарым-қатынасты көрсетеді. Адам денсаулығы мен ауруларына микробиома мен иесінің метаболизмі арасындағы өзара әрекеттесу әсер етеді. Микробиотаның қалыптасуын жақсырақ түсіну үшін жаңа технологияларды қолдану арқылы көбірек зерттеулер қажет.
Мақсаты: Нәрестелердің микробиомасының қалыптасу траекториялары туралы қазіргі ақпараттардың жалпы сипаттамасы.
Іздеу стратегиясы: Жалпыға қолжетімді ғылыми жарияланымдарды іздеу келесі ғылыми басылымдардың дерекқорлары мен мамандандырылған іздеу жүйелерінің көмегімен жүзеге асырылды: PubMed, Google Scholar, Web of Science, Сyberleninca. Соңғы 10 жылдағы зерттеу саласындағы бірқатар түпнұсқа жарияланымдар мен шолулар сарапталды. Ізденіс нәтижесінде 1695 шетелдік және орыс тілді басылымдарды зерттедік, оның ішінде 78 басылым осы шолуға қосылды. Қосу критерийлері: А, В дәлелділік деңгейінің жарияланымдары: мета-талдаулар, жүйелі шолулар, когорттық және көлденең зерттеулер. Шығару критерийлері: қысқаша есептер, газет мақалалары және қысқа хабарламалар түріндегі сарапшылардың пікірі.
Нәтижелер мен қорытындылар: Біз нәрестенің ішек микробиомасы туралы ағымдағы деректерді талдадық және оның қалыптасуына босану және тамақтандыру түрінің әсерін бағаладық. Қынаптық жолмен туылған нәрестелерден айырмашылығы, кесарь тілігі арқылы туған нәрестелердің ішек микробиотасының аналық микробиомаға ұқсастығы айтарлықтай аз болды. Тамақтандыру түрі (табиғи немесе жасанды), сондай-ақ нәрестелердің рационына қосымша тағамдарды енгізу ерте кезеңдердегі микробиотаның құрамы мен функцияларына айтарлықтай әсер етеді. Денсаулықтың әлеуметтік детерминанттары әсерінен микробиотаның және экологиялық желінің құрамы ерекше белгілерге ие болды. Бұл нәтижелер ерте жаста ішек микробиомасы мен адам ағзасының өзара әрекеттесуін түсінуге негіз болады.
Көрген адамдардың саны: 173
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Мейірманова З.Қ., Моренко М.А., Шнайдер К.В., Токтабаева Б.Ж., Кожахметов С.С., Захарова И.Н., Дүйсебаева А.Қ., Гатауова М.Р. Нәрестелердегі микробиотаның қалыптасуы мен динамикасы мәселесінің қазіргі жағдайы. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 1 (Т.25). Б. 232-242. doi 10.34689/SH.2023.25.1.027Ұқсас жариялымдар:
ДӘЛЕЛДІ МЕЙІРГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕ. ӘДЕБИ ШОЛУ
КОРОНАРЛЫҚ АРТЕРИЯНЫ АЙНАЛЫП ӨТКЕН ПАЦИЕНТТЕРДІ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУ АЛГОРИТМІН ӘЗІРЛЕУ
СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БАР НАУҚАСТАРДАҒЫ ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫ КҮЙ
ЖОҒАРҒЫ АСҚАН-ІШЕК ЖОЛДАРЫ ҚАН АСУЫН ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ЕМДЕУ.ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
БАЛАЛАРДАҒЫ ЖЕТІЛМЕГЕН ОСТЕОГЕНЕЗДІ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАМАНАУИ СҮЙЕКІШІЛІК ТЕЛЕСКОПИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ