Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
КОЛОРЕКТАЛЬДЫ ҚАТЕРЛІ ІСІКПЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН БАҒАЛАЙТЫН ӘР ТҮРЛІ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ: ӘДЕБИ ШОЛУ
Кіріспе: Колоректальды қатерлі ісік (КРҚІ) - ең көп таралған қатерлі ісіктердің бірі; ол бүкіл әлем бойынша аурушаңдық бойынша үшінші және өлім бойынша екінші орында. Шолудың мақсаты әлемде және Қазақстан Республикасында түрлі құралдарды пайдалана отырып, КРҚІ науқастарының өмір сүру сапасын бағалау бойынша қолданыстағы әдебиеттерді зерттеу болды. Іздеу стратегиясы. Шолу 2011-2022 жылдар аралығындағы зерттеулерді қамтыды. Шолуға енгізу критерийі КРҚІ бар науқастардың өмір сүру сапасын зерттеу болды. Әдебиеттерді іздеу кезінде келесі іздеу жүйелері қолданылды: Pubmed, Google, Google Scholar. Барлығы 194 "КРҚІ науқастарыныңң өмір сүру сапасын бағалау" тақырыбында басылым табылды, оның 30 басылымы біздің зерттеуіміздің негізгі мақсатына сәйкес келді. Нәтижелер: Әдебиеттерге шолу көрсеткендей, КРҚІ ер азаматтарда жиі кездеседі, ал негізгі жас тобы 50 жастан асқан қарт адамдар. Алайда, көптеген елдерде әйелдердің өмір сапасы ер азаматтарға қарағанда төмен. Көбінесе науқастар физикалық және әлеуметтік қызметтен зардап шегеді, ал негізгі белгілердің арасында қаржылық қиындықтар мен шаршау байқалады. КРҚІ диагнозы функционалды және физикалық бұзылуларға, сондай-ақ жұмыс қабіліттілігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Қорытынды: Көптеген елдерде КРҚІ науқастарыныңң өмір сапасы әлеуметтік, клиникалық, физикалық және қаржылық аспектілері бойынша орташа деңгейде қалады.
Көрген адамдардың саны: 185

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Толеутаева Д.М., Шалгумбаева Г.М., Жабагин К.Т., Жабагина А.С., Байсалбаева А.С., Толеутаев Т.А., Фаизова Р.И., Мигина Л.Е. Колоректальды қатерлі ісікпен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын бағалайтын әр түрлі құралдарды қолдану: әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 1 (Т.25). Б. 253-261. doi 10.34689/SH.2023.25.1.029

Авторизируйтесь для отправки комментариев