МЕТАБОЛИЗМ СИНДРОМЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ «В» ТОБЫНДАҒЫ ВИТАМИНДЕР ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ ҮШІН ЖОҒАРЫ ТИІМДІЛІК СҰЙЫҚ ХРОМАТОГРАФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Өзектілігі: Қан плазмасы құрамындағы В витаминдер деңгейін зерттеу метаболизм синдромын (МС), жүрек-тамыр аурулары мен 2 типті қант диабетінің даму ықтималдығын арттыратын қауіп факторларының тобын анықтауда маңызды болуы мүмкін. В тобының витаминдері, атап айтқанда тиамин (В1), рибофлавин (В2), пантотен қышқылы (В5), пиридоксин (В6), биотин (В7), фолий қышқылы (В9) және кобаламин (В12), энергия өндіру, ДНҚ синтезі және жүйке жүйесі қызметтерін ынталандыру сияқты ағзадағы көптеген метаболизм функциялары үшін өте маңызды. Осы В витаминдерінің жеткіліксіз деңгейі немесе біркелкі емес арақатынасы метаболизм синдромының пайда болуына және өршуіне ықпал етуі мүмкін.
Мақсаты: жоғары нәтижелі сұйық хроматография (ЖНСХ) әдісімен метаболизм синдромы бар науқастардың қан плазмасындағы В витаминдері (В1, В2, В5, В6, В7, В9 және В12) деңгейінің вариациясын анықтау.
Материалдар мен тәсілдер. Зерттеуге қосуға критерийлерге сай метаболизм синдромы диагнозы анықталған 15 жарамды пациент және дені сау 15 адам ЖНСХ әдісімен В тобындағы (В1, В2, В5, В6, В7, В9, В12) витаминдер деңгейлерін анықтау үшін тандалды. Метаболизм синдромы бар науқастар мен сау адамдардың В витаминдер концентрациясы деңгейлері бойынша қан плазмасы үлгілері алынып, зерттелді.
Нәтижелер мен талдаулар. Зерттеу нәтижелері метаболизм синдромы бар адамдарда В2, В12 және В6 витаминдерінің қандағы деңгейі айтарлықтай жоғарылағанын, ал В9 витамині концентрациясы бақылау тобына қарағанда айтарлықтай төмен екенін көрсетті. Модификацияланған әдісті бағалау және бұрын әзірленген талдау әдісін қан сынауының нақты қажеттіліктеріне бейімдеу үшін осы нәтижелерді растау үшін салыстырмалы түрде зерттелуші адамдар саны үлкенірек зерттеулер қажет.
Көрген адамдардың саны: 179
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Нуртазина А., Тойшиманов М., Войцеховский И., Даутов Д. Метаболизм синдромы жағдайындағы «В» тобындағы витаминдер деңгейін анықтау үшін жоғары тиімділік сұйық хроматографиялық талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 2 (Т.25). Б. 79-83. doi 10.34689/SH.2023.25.2.011Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ