Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
МЕТАБОЛИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР ЖӘНЕ ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЭНДОКРИНДІК ПАТОЛОГИЯСЫ
Кіріспе. Жүктілік кезінде эндокриндік жүйе жүктіліктің физиологиялық ағымына және сәтті босануға жауап беретін тығыз екі жақты гормондық байланыстарды қамтамасыз етеді. Эндокриндік бұзылулар өлімге әкелетін асқынуларды тудыруы мүмкін. Атап айтқанда, қалқанша безінің (ҚБ) дисфункциясы эмбриогенезге айтарлықтай әсер етеді. Зерттеудің мақсаты. Жүкті әйелдердің эндокриндік патологиясын Ақтөбе медициналық орталығының (Ақтөбе қ.) мысалында зерттеу болды. Материалдар мен зерттеу әдістері. «Ақтөбе медициналық орталығының» 2018-2019 жылдардағы перзентхана және босану бөлімшелерінің медициналық құжаттарынан (198 медициналық картасынан) мәліметтерді талдау негізінде ретроспективті зерттеу жүргізілді. Әйелдердің орташа жасы 29,03±6,1 құрады. Зерттеу барысында медициналық және акушерлік анамнез, жүктіліктің клиникалық белгілері мен акушерлік сипаттамасы бағаланды және гематологиялық зерттеулер тексерілді. Статистикалық талдау сенімділік коэффициентін (p≤0,05) ескере отырып, статистикалық пакеттің «STATISTICS» 10-нұсқасын қолдану арқылы жүргізілді. Нәтижелер. Зерттелген әйелдердің 31,3%-да эндокриндік патологиялар анықталды. Олардың ішінде 87,1% қалқанша безінің қызыметінің бұзылысы, семіздік - 12,9% және қант диабеті - 1,6% кездесті (олар тереңірек тексеруді, ана мен балаға әсерін барынша азайту үшін бақылауды және түзетуді қажет етеді). Қалқанша безінің (n=54) диагностикаланған патологияларының ішінде басым көпшілігінде гипотиреоз (n=47; 87%) және 7 науқаста (13%) қалқанша безінің гипертиреозы болды. Зертханалық зерттеулерге сәйкес (ТТГ 7,8±0,7 мХБ/л; Т4ф анықтамалық мәндер шегінде) науқастарда жасырын гипотиреоз тіркелді, ол экстрагениталды патологияның мен ұрықтың дамуына теріс әсер етеді. Қорытындылар. Қалқанша безінің қызметінің бұзылысы акушерлік тәжірибеде елеулі қауіпі орын алады. Ретроспективті талдау жүргізу арқылы қалқанша безінің патологиясының аймақтың эндемиялық және клиника алды гормондық бұзылыстарының деңгеиін анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері эндокриндік патологиялар, атап айтқанда – гипотиреоз, ерте кезеңде диагностикалап, емдік шараны қолданудың қажеттілігін растайды.
Көрген адамдардың саны: 162

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Арингазина Р.А., Нургалиева Ж.Ж., Жолдасова Н.Ж., Донаева А.Е., Кайбагарова И.Б. Метаболикалық бұзылыстар және жүкті әйелдердің эндокриндік патологиясы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 2 (Т.25). Б.90-96. doi 10.34689/SH.2023.25.2.013

Авторизируйтесь для отправки комментариев