ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ЖАТЫР ТҮБІНІҢ ТҰРУ БИІКТІГІНЕ АНАСЫНЫҢ ЖАСЫ МЕН ПАРИТЕТІНІҢ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕКЕЛЕНГЕН СТАНДАРТТАРДА ҚОЛДАНУ
Кіріспе: Ұрықтың жатырішілік дамуының тежелуінің ең қолжетімді скрининг әдісіне жүктілік кезінде жатыр түбінің тұру биіктігінің (ЖТТБ) өсу графигі (гравидограмма) жатады. Жекеленген графиктер көрсеткіштері анасының этносына, жасына, паритетіне, антрометриялық сипатына (бойы, салмағы, дене салмақ индексі), жүктілік асқынулары, морбидті фоны, әлеуметтік факторларына байланысты ескеріп тұрғызылады.
Мақсаты: Ұрықтың даму бұзылыстарын анықтау үшін жүктілік кезінде ЖТТБ анасының сипаттамаларының (жасы мен паритет) әсерін зерттеу.
Материалдар мен тәсілдер: Зерттеу дизайны – бір мезетті ретроспективті көлденең зерттеу. Зерттеуге қосу критерийлеріне жатады: жүктіліктің алғашқы үш айында 10-14 апта мерзімдегі УДЗ скрининг болуы, жүктіліктің асқынбаған ағымы, бір ұрықты жүктілік. Зерттеуге қоспау критерийлері: көп ұрықты жүктілік, ұрықтың жамбаспен орналасуы, ұрықтың дұрыс емес жағдайда орналасуы (көлденең, қиғаш), ұрықтың салмағы 2500 грамм дейін немесе 4000 граммнан жоғары, уақытынан ерте босану, гипертензиялық жағдайлар, ұрықтың антенаталды өлуі, ұрықтың жатырішілік ақаулары, қағанақ суының көптігі, қағанақ суының аздығы, экстрагениталды патология.
Нәтижелер: Біз дене салмағы 2500 мен 4000 грамм арасында тірі ұрық тууымен аяқталған ұрық басымен орналасқан толық жетілген жүктіліктің 3886 жағдайын таңдап алдық. Анасының жасы топтары бойынша ЖТТБ орташа өлшемдерін салыстырған кезде жүктіліктің 26, 28, 31 – 32, 35, 38 апталарында айқын айырмашылықтар анықталды. Сонымен қатар, анасының жасы 1 жылға артқан кезде жүктіліктің 26, 28, 31, 35, 38 мен 41 апталарында ЖТТБ өлшемдері 0,047 см; 0,055 см; 0,049 см; 0,063 см; 0,049 см; 0,057 см мен 0,067 см артатыны анықталды. Анасының паритет топтары бойынша ЖТТБ орташа өлшемдерін салыстырған кезде жүктіліктің 26 – 27, 30 – 35, 37 – 38, 41 апта мерзімдерінде ЖТТБ өлшемі артқан, яғни әрбір келесі жүктілікпен ЖТТБ өлшемі артқан. Сызықты регрессия көмегімен анасының 1 босануға артқан кезде жүктіліктің 31-33, 35 апталарында ЖТТБ өлшемдерінің 0,208 см; 0,254 см; 0,154 см; 0,189 см артуын, ал 38, 40-42 апталарда - 0,189 см; 0,188 см; 0,576 см; 7,845 см артуын болжауға мүмкіндік беретіні анықталды.
Қорытынды: Анасының жасы мен паритеті ауысымдары жүктілік кезінде гестацияның 31 аптасынан кейін жатыр түбінің тұру биіктігіне әсер ететін факторларға жатады.
Көрген адамдардың саны: 165
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Шарипова М.Г., Танышева Г.А., Кыстаубаева А.С., Шаханова А.Т., Хамидуллина З.Г., Рыспаева Ж.А., Шарипова Х.К. Жүктілік кезіндегі жатыр түбінің тұру биіктігіне анасының жасы мен паритетінің әсері және оларды жекеленген стандарттарда қолдану // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 2 (Т.25). Б. 97-104. doi 10.34689/SH.2023.25.2.014Ұқсас жариялымдар:
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETY STRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАННЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУДЫ БАҒАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ АРАСЫНДА СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ БАСТАЛУЫ ЖАЙЫНДА