Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
5-ФТОРУРАЦИЛДІ ҚУЫҚ АСТЫ БЕЗІНІН ГИПЕРПЛАЗИЯСЫНА БАЙЛАНЫСТА ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛҒАН НАУҚАСТАРДА ЭРЕКТИЛЬДІ ДИСФУНКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
Кіріспе. Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясында (ҚБҚГ) эректильді дисфункцияның таралуы 5,2-40% құрайды. Қуықасты безінің трансуретральды резекциясының асқынуы ретінде уретральды стриктуралар операциядан кейінгі эректильді дисфункция дамуының қауіп факторы болып табылады. Зерттеудің мақсаты -5-фторурацилді ҚБҚГ байланыста операция жасалған науқастарда эректильді дисфункциясының алдын алу мақсатында қолданудың тиімділігін бағалау болды. Материалдар мен тәсілдер. Зерттеуге аденомэктомия жасалған 246 науқас қатысты, олардың орташа жасы 70,0±8,0 жыл. Негізгі топқа стационарда стандартты операциядан кейінгі емнен басқа, модификацияланған үш өзекті катетерді қолдану арқылы 5-фторурацил ерітіндісімен жуу түріндегі операциядан кейін профилактикалық араласу жүргізілген 124 науқас кірді. Бақылау тобына ҚБҚГ байланыста операция жасалған және операциядан кейінгі стандартты ем алған 122 біріктірілген пациенттер кірді. Эректильді дисфункцияны бағалау үшін операциядан кейін 3 және 6 айдан кейін МИЭФ-5 сауалнамасы қолданылды. Барлық статистикалық талдау шаралары SPSS 20 бағдарламасы арқылы орындалды. Сапалық деректер үшін топтардағы айырмашылықтардың маңыздылығы Хи-квадрат (χ2) тестін есептеу арқылы анықталды. Сандық деректер үшін нәтиже медиана және 25-75 процентиль ретінде көрсетілді. Айырмашылықтардың маңыздылығын есептеулер Манн-Уитни тестінің есебін қолдану арқылы жүргізілді. Нәтижелер. Негізгі және бақылау топтарындағы пациенттердің эректильді функциясының статистикалық маңызды жақсаруы операциядан кейін 6 айдан соң анықталды (χ2 = 115,356; p < 0,001; χ2 = 115,034; р < 0,001 тиісінше). Сонымен қатар, негізгі зерттеу тобында көрсеткіштер бақылау тобымен статистикалық маңызды айырмашылықтарға ие болды. Барлық емделушілерде эректильді дисфункцияның субъективті белгілерінің екі есе төмендеуі байқалды, алайда негізгі зерттеу тобында бұл көрсеткіштердегі өзгерістер статистикалық тұрғыдан айтарлықтай айқын болды (3 айдан кейін p=0,014; 6 айдан кейін p=0,007). Қорытынды. Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясына операция жасалған науқастардың эректильді қызметіне қатысты қуық пен уретраны жуу арқылы 5-фторурацилді профилактикалық қолданудың жоғары тиімділігі анықталды.
Көрген адамдардың саны: 239

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Кайрамбаев Е.М., Булегенов Т.А., Акимжанов К.Д., Кудербаев М.Т.,Неймарк А.И., Смаил Е.М., Юрковская О.A., Жуманбаева Ж.М., Глушкова Н.Е. 5-фторурацилді қуық асты безінін гиперплазиясына байланыста операция жасалған науқастарда эректильді дисфункциясының алдын алу мақсатында қолданудың тиімділігін бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 2 (Т.25). Б. 105-110. doi 10.34689/SH.2023.25.2.015

Авторизируйтесь для отправки комментариев