ОРТА АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА 2014 ЖӘНЕ 2019 ЖЫЛ АРАЛЫҒЫНДА ЛЕЙКЕМИЯНЫҢ ЖАҺАНДЫҚ АУЫРТПАЛЫҒЫНЫҢ ТАРАЛУЫН ТАЛДАУ
Кіріспе: Лейкемия – негізгі төрт түрі бар және адам денсаулығына қауіп төндіретін кең таралған қатерлі ісік. Әлем бойынша лейкемияның эпидемиологиялық мәртебесін және оның негізгі төрт түрін ұғыну тиісті ресурстарды бөлу, клиникалық тәжірибе басшылығы үшін және ары қарай зерттеу жүргізу қажеттілігі үшін маңызды.
Мақсаты: Орта Азия елдері арасында 2014 және 2019 жыл аралығында лейкемияның жаһандық ауртпалығы деректерін талдау.
Материалдар және әдістер: 2014-2019 ж. аралығында «Аурулардың жаһандық ауыртпалығы» (GBD 2019) деректер базасын пайдаланумен лейкемия ауыртпалығының негізгі көрсеткіштеріне талдау жүргізілді. Біз аурудың таралуына мүгедектікке бейімделген өмір жылы (DALY) қатынасы, аурудың таралуына қатынасы және мүгедектікпен сүрген өмір санына (YLD) жоғалтқан өмір жылдарының (YLL) қатынасы секілді 3 қайталанған көрсеткішті есептедік.
Нәтижелерi: 2014 және 2019 жыл аралығында жүргізілген зерттеу деректеріне сәйкес, Грузия, Әзірбайжан және Армения секілді елдер арасында YLL, DALY жоғары көрсеткіштері тіркелген. YLD көрсеткішіне қатысты ең жоғары көрсеткіш Ресей Федерациясында тіркелген. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында YLD көрсеткішінің жыл сайын өсу тенденциясы байқалып жатқанын атап өткен маңызды. YLL, DALY көрсеткіштері бойынша лейкемия ауыртпалығы төмендеуінің елеусіз тенденциясы байқалады, Қазақстан Республикасында 2014-2019 жыл аралығында орташа жылдық пайыздық өзгерістер (AAPCs) - 1.34%-дан 1.38%-ға дейін өзгерді.
Қорытындылар: 2014 және 2019 жыл аралығында лейкемия ауыртпалығының едәуір төмендегені байқалды. Алайда 2019 жылы YLD көрсеткіші Орта Азияның кейбір елдерінде едәуір ұлғайған, бұл лейкемияның қоғамдық денсаулық сақтау ұйымының маңызды жаһандық мәселесіне айналуы мүмкін деген болжам жасауға мүмкіндік береді.
Көрген адамдардың саны: 157
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Атабаева А.К., Хисметова З.А., Маукаева С.Б., Алиева Ш.У., Анартаева М.Ұ., Ахметова К.М., Борщук Е.Л. Орта азия елдері арасында 2014 және 2019 жыл аралығында лейкемияның жаһандық ауыртпалығының таралуын талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 2 (Т.25). Б. 120-127. doi 10.34689/SH.2023.25.2.017Ұқсас жариялымдар:
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETY STRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАННЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУДЫ БАҒАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ АРАСЫНДА СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ БАСТАЛУЫ ЖАЙЫНДА