МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАН АЙНАЛЫМЫН ҚОЛДАЙТЫН ҚҰРЫЛҒЫСЫННЫҢ ИМПЛАНТАЦИЯЛАУДАН КЕЙІНГІ ТРОМБТЫҢ ТҮЗІЛУ ЖӘНЕ ҚАН КЕТУДІҢ АСҚЫНУЛАРЫ: ДАМУ СЕБЕПТЕРІ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІ, ГЕНОМ – НЕГІЗДЕЛГЕН ЕМ. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.
				    
					    Кіріспе. Бұл мақала қан ағу және ұйығу жанама әсерлері көмекші механикалық құрылғысынның (КМҚ) жүрек жеткіліксіздігі (ЖЖ) бар науқастарда имплантацияланғаннан кейін дамуы және олардын генотиптеу нәтижелері бойынша емделуі туралы арналған. 
Мақсаты. Асқынулардың себептерін және олардың генетикалық полиморфизмдерінің генотиптеу нәтижелері бойынша дұрыс антитромботикалық терапияны тағайындап асқынулардың азаю мүмкіндіктері туралы  әдебиеттерді және клиникалық зерттеулерді зерттеу.
Іздену стратегиясы. Ғылыми басылымдар осындай жүйелерде жүргізілді: Web of Science, ResearchGate, PubMed, Google Academy және e-Library.ru. Басылымдарды әдебиетті шолуға қосу критерийлері статистикалық маңызды деректері бар орыс және ағылшын тілдеріндегі толық мәтіні бар мақалалар болды.
Нәтижелер. КМҚ құрылғының роторында жоғары физиологиялық емес ығысу кернеуінің болуына байланысты асқынулар дамиды. Ығысу кернеуі тромбоциттердің дисфункциясын тудырады, бұл қалыпты гемостатикалық функцияға әсер етеді. Екінші жағынан, құрылғыны имплантациялаудан кейін ЖЖ бар пациенттерге дұрыс емес антитромботикалық терапияның дозасы асқынулардың дамуын тудырады. Бүгінгі таңда асқынулардың қаупін геном - негізделген антитромботикалық терапия VKORC1, CYP2C9 және UGT1A6 гендерінің генетикалық полиморфизмдерін генотиптеу нәтижелері бойынша азайтуға болады, олар дәрілердің дозасының шамамен 50% өзгергіштігін анықтайды. 
Қорытынды. Антитромботикалық препараттардың механизміне және белсендірілуіне әсер ететін ферменттерді кодтайтын гендік полиморфизмдердің генотиптерін анықтау жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда жүргізілуі керек өйткені бұл препараттың ұсынылған дозасын таңдауға мүмкіндік береді. Пациенттің геномына негізделген анықталған антитромботикалық терапия КМҚ құрылғысынның имплантациялау алдында және одан кейін тромбозды/қан кетуді азайтады және болжайды, бұл пациенттердің аман қалуына және ұзақ өмір сүруіне мүмкіндік береді.				    
            
            
                Көрген адамдардың саны:  257    
    
    
        Мақалалар санаты:
        
            Әдебиеттерге шолу        
    
    Библиографиялық сілтемелер
Жалбинова М.Р., Рахимова С.Е., Акильжанов К.Р., Андосова С.А., Бекбосынова М.С., Акильжанова А.Р. Механикалық қан айналымын қолдайтын құрылғысынның имплантациялаудан кейінгі тромбтың түзілу және қан кетудің асқынулары: даму себептері мен механизмдері, геном – негізделген ем. Әдебиетке шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 2 (Т.25). Б. 166-174. doi 10.34689/SH.2023.25.2.023Ұқсас жариялымдар:
                RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES            
        
        
                TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW            
        
        
                INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW            
        
        
                PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM            
        
        
                THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD.  LITERATURE REVIEW            
        
        