Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЖОҒАРҒЫ ҚАБАҚ БЛЕФАРОПЛАСТИКАСЫ: ЫҚТИМАЛ ЭСТЕТИКАЛЫҚ АСҚЫНУЛАРЫ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ.
Өзектілігі. Шолу жоғарғы қабақ хирургиясын жасататын науқастарда кездесуі ықтимал эстетикалық асқынуларды талқылауға арналған. Мақсаты: жоғарғы қабақ блефаропластиканы орындау кезінде мүмкін болатын эстетикалық асқынулар мәселелеріне қатысты әдебиет көздерін зерттеу болып табылады. Іздеу стратегиясы. Жоғарғы қабақ блефаропластикадағы кездесетін эстетикалық асқынуларға қатысты мағлұматтарды іздеу индекстелген Pubmed, Web of Science, Scopus деректер базасында, сондай-ақ e-Library дерекқорларында жүргізілді. Менделей библиографиялық редакторы пайдаланылды. Ағылшын тіліндегі мақалалар қарастырылды. Іздеу тереңдігі 10 жылды қүрады. Іздеуде қолданылған сөздер келесідей болды: жоғарғы қабақ блефаропластикасы; Азиаттық блефаропластика; эстетикалық асқынулар; қабақтың эстетикалық операциясы. Барлығы 167 әдебиет көзі табылды, оның ішінде 47 басылым әрі қарай талдау үшін таңдалды. Нәтижелер. Жоғарғы қабақтың эстетикалық операциясынан кейінгі жағымсыз әсерлерді функционалды, эстетикалық немесе екеуінің комбинациясы деп қарастыруға болады. Жоғарғы қабақ блефаропластикадан кейінгі эстетикалық асқынуларға мыналар жатады: жоғарғы қабақтың асимметриясы, үстіңгі қатпардың асимметриясы, бірнеше қатпарлар, қатпардың әлсіреуі немесе жоғалуы, деформация және шамадан тыс жоғары орналасқан көз қатпары, дөңгелек көздер, қабақтың тартылуы, блефароптоз, латеральды кантустың дөңгелектенуі, көрінетін тыртықтар, медиальды артық тері, сезімталдықтың өзгеруі, жоғарғы қабақтың ісінуі, кисталар мен гранулемалар т.б. барлығы жоғарғы қабақ блефаропластикадан кейін кездесетін, операциядан кейінгі эстетикалық проблемалар болып табылады. Осы шолуда әрбір мәселе жеке, егжей-тегжейлі талқыланады. Қорытынды. Жоғарғы қабақ блефаропластикасында кездесетін эстетикалық асқынуларды мұқиятты түрде талдау кері әсерлердің алдын алады, сонымен қатар отадан кейінгі нәтижені, пациенттің қанағаттануын жақсартады. Осы талдауды терең және мұқиятты түрде зерттеу жоғарғы қабақ блефаропластикадан кейінгі пациенттерді периоперациялық қадағалау әдістерін жақсартуға көмектеседі.
Көрген адамдардың саны: 138

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Досан А., Джумабеков А., Доскалиев А., Нурмаганов С. Жоғарғы блефаропластика: ықтимал эстетикалық асқынулары. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 2 (Т.25). Б. 197-205. doi 10.34689/SH.2023.25.2.026

Авторизируйтесь для отправки комментариев