Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҰЛ БАЛАЛАРДАҒЫ УРЕТРАНЫҢ ТОЛЫҚ ЕМЕС ЕКІ ЕСЕЛЕНУІМЕН ҚАТАР КЕЗДЕСЕТІН ГИПОСПАДИЯНЫҢ БАҒАНАЛЫ ФОРМАСЫНЫҢ ХИРУРГИЯЛЫҚ КОРРЕКЦИЯСЫ
Мәселенің өзектілігі. Гипоспадия – ер балалардың зәр шығару жүйесінің туа біткен ақауы. Әлем бойынша гипоспадияның таралуы жиілігі әртүрлі. Гипоспадияның несеп шығару түтігінің екі еселенуімен үйлесуі сирек кездеседі. Мақсаты: ер балалардағы уретраның даму ақаулары гипоспадия және несепағардың толық емес екі еселенуін хирургиялық түзету жағдайларын ұсынамыз. Материалдар мен әдістер: гипоспадия мен уретраның туа біткен толық емес екі еселенуі қатар кездесетін науқастарға уретра аралық пердені алып тастау операциясы жүргізілген жағдайлар қарастырылды. Нәтижелер: 2016-2023 жылдар аралығында біз уретраның толық емес екі еселенуі қатар кездесетін біріншлік және екіншілік әртүрлі формадағы гипоспадиясы бар 6 науқасқа операция жасадық. Барлық науқастарда уретрааралық пердені алып тастау арқылы жалпы уретралық түтік қалыптастырылып, Нелатон катетерімен стенттеу жүргізілді. Операциядан кейінгі асқынулардың дамуын болдырмау үшін эпицистостомиялық түтік пен уретральды катетерді қолдану арқылы зәр шығару әдісі қолданылды. Барлық алты науқаста операциядан кейін ерте және кеш кезеңде асқынулар байқалмады. Қорытынды: Гипоспадияның формасы көбінесе операция кезінде анықталады. Гипоспадия сыртқы жыныс мүшелері мен уретраның әртүрлі даму аномалияларымен бірге жүруі мүмкін.
Көрген адамдардың саны: 156

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Клиникалық жағдай

Библиографиялық сілтемелер

Жаркимбаева А.Д., Канапиянов Ж.К., Аубакиров М.Т., Дюсембаев А.А., Тен Ю.В., Лозовой В.М., Мадиева М.Р. Ұл балалардағы уретраның толық емес екі еселенуімен қатар кездесетін гипоспадияның бағаналы формасының хирургиялық коррекциясы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 2 (Т.25). Б. 293-296. doi 10.34689/SH.2023.25.2.038

Авторизируйтесь для отправки комментариев