Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАЗАҚ ПОПУЛЯЦИЯСЫНДА АВСВ1 ГЕН ПОЛИМОРФИЗМІНІҢ АПИКСАБАННЫҢ ФАРМАКОКИНЕТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ЫҚПАЛЫН БАҒАЛАУ
Кіріспе. Жүрекшелердің фибрилляциясы - жүрек ырғағының бұзылуы. Апиксабан тікелей әсер ететін антикоагулянт, оның әсер ету механизмі Ха ұю факторы белсенділігін тежеу болып табылады. Әдебиеттер ABCB1 гендерінің полиморфизмдері дәлелденген клиникалық әсері бар, дәрілік заттардың ең жоғары және ең төменгі деңгейлерінің өзгеруіне ықпал ететін ең көп таралған генетикалық нұсқалар болып табылатынын көрсетеді. Зерттеу мақсаты. ABCB1 гендік полиморфизмінің қазақстандық популяциядағы жүрекшелер фибрилляциясы бар науқастарда Апиксабан концентрациясына әсерін зерттеу Әдістері. Перифериялық қаннан геномдық ДНҚны бөлу өндірушінің нұсқауларына сәйкес коммерциялық Thermo Scientific GeneJET (Thermo Fisher Scientific) шағын жинағы арқылы жүзеге асты. ДНҚ концентрациясы Nanodrop 1000 спектрофотометрінде өлшенді. SNP генотипі TaqMan технологиясы арқылы орындалды. Нәтижелер. Берілген жұмыс бойынша қазақ популяциясында АВСВ1 генінің полиморфизмдері (rs4148738, rs1045642, rs2032582, rs1128503) мен қан плазмасындағы апиксабанның ең жоғары немесе ең төменгі концентрациясында статистикалық маңызды айырмашылықтар табылған жоқ. Қорытынды: Препараттың метаболизміне қатысатын ферменттердің белсенділігіне генетикалық факторлардың әсерін талдау, емдеуді жекелендіру үшін жекелендірілген медицинаның мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектеседі. ABСВ1 полиморфизмдерін тасымалдаудың апиксабан метаболизміне әсерін зерттеу үшін әртүрлі этникалық популяцияларда ауқымды зерттеулер жүргізу қажет.
Көрген адамдардың саны: 131

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Абдрахманов А., Жолдыбаева Е., Шаймердинова А., Риб Е., Абильдинова С., Туякова Г., Сулеймен Ж., Бекбосынова М. Қазақ популяциясында АВСВ1 ген полиморфизмінің Апиксабанның фармакокинетикалық көрсеткіштеріне ықпалын бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 3 (Т.25). Б. 32-39. doi 10.34689/SH.2023.25.3.004

Авторизируйтесь для отправки комментариев