ҚОЯНДАРДАҒЫ ЛИПОСАКЦИЯ ҮШІН ОҢТАЙЛЫ КАНЮЛА ДИАМЕТРІН КЛИНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ АНЫҚТАУ: ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ
Өзектілігі: Липосакцияға ең қолайлы канюляның диаметрін анықтау, алынған материалдың сапасы мен құрамы жағынан да, тәжірибелік қолдану ыңғайлылығы тұрғысынан да үлкен маңызға ие.
Осыған дейін жарияланған жұмыстарда диаметрі 2,5 мм немесе одан да үлкен канюляларды қолдану, 1 және 2 мм канюлялармен салыстырғанда май тінінің табиғи құрылымын сақтауға ықпал ететінін көрсетті. Липоаспираттағы дәнекер тін талшықтарының пайызы мен канюляның диаметрі арасында тікелей байланыс бар.
Липоаспирацияға арналған канюляны таңдаудың нақты критерийлерінің жоқтығы, майлы тіндерді қолдану үшін липоаспирацияның жалпы қабылданған хаттамаларды алудың шектеулерінің бірі болып табылады.
Мақсат: Қояндарға жүргізілген экспериментті зерттеуде шап липоаспиратын жинау үшін оңтайлы канюла диаметрін клиникалық және гистоморфометриялық анықтау.
Материалдар мен әдістері: Зерттеу дизайны - эксперимент. Зерттеу қояндарға жүргізілді, жануарлар 4 топқа бөлінді. Барлық қояндарға Колуман әдісі бойынша липосакция жасалды. Диаметрі 1,0 мм, 2,0 мм, 3,0 мм, 4,0 мм канюлялар қолданылды. Операция кезінде 1 минут ішіндегі кері-алды қозғалыс саны және канюляның бітеліп қалу сандары есептелді.
Одан әрі майлы липоаспиратқа макроскопиялық және гистоморфометриялық бағалау жүргізілді.
Нәтижелер: Орташа және үлкен канюля диаметрі бар топтарда алынған материалдың орташа көлемі 2,5 см3 және 2,8 см3, ал ең минималды және кіші диаметрі 0,5 см3 және 1,6 см3 топтарда алынған. Барлық топтарда май тінінің орташа салыстырмалы мөлшері 90-95%, ал талшықты тіннің орташа салыстырмалы мөлшері 10% -дан аз болды. Канюляның минималды диаметрі бар топтарда строма фрагменттерінің орташа мөлшері 1 мм-ден аз болды, ал үлкен диаметрі бар топта 37,5% жағдайда фрагменттің орташа өлшемі 1-1,5 мм, ал 25% жағдайда 1,5 мм-ден асты.
Барлық топтардағы артефактілер аумағы 10%-дан аспады, 2%-дан азын орташа және үлкен канюля диаметрі бар топтардағы артефактілер сәйкесінше 50% және 80% жағдайда алды.
Қорытындылар: Гистоморфометриялық талдау және субъективті критерийлер жүйесі бойынша, бағалау диаметрі 3 мм канюляны таңдау оңтайлы өлшемдегі біркелкі таралған талшықты тінді липоаспират алуға мүмкіндік беретінін көрсетті.
Көрген адамдардың саны: 179
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Пак И.Л., Аскаров М.С., Клюев Д.А., Камышанский Е.К. Қояндардағы липосакция үшін оңтайлы канюла диаметрін клиникалық және морфологиялық анықтау: эксперименталды зерттеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 3 (Т.25). Б. 47-54. doi 10.34689/SH.2023.25.3.006Ұқсас жариялымдар:
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА DEPRESSION ANXIETY STRESS SCALE (DASS-21) САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚША НҰСҚАСЫН ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ: ПИЛОТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
АУРУХАНАЛАРДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ: МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАННЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫ
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУДЫ БАҒАЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ
АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ АРАСЫНДА СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ БАСТАЛУЫ ЖАЙЫНДА