ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕНЕ ЭНЦЕФАЛИТІН ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ, 2019-2021 жж.
Кіріспе. Кене энцефалиті - иксод кенелерінің шағуынан және кене энцефалиті вирусын жұқтырған ешкі мен сиыр сүтін тұтынудан туындайтын Қазақстан үшін өзекті жіті трансмиссивті ауру. Қазақстанда бұл аурудың циклдік сипаты болады, бұл эпидемиялық процеске және инфекция ошақтарына әсер ететін әлеуметтік факторларға байланысты. Инфекцияның жаңа ошақтарының пайда болуы байқалады. Соңғы 10 жылда сырқаттанушылықтың орташа ұзақ мерзімді көрсеткіші 100 000 адамға шаққанда 0.19 құрайды. Зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасындағы кене энцефалитін қадағалаудың қолданыстағы жүйесін сипаттау және бағалау болды.
Материалдар мен әдістер: Біз Қазақстандағы кене энцефалитін эпидқадағалау жүйесін сипаттадық. Біз жүйенің негізгі мына құжаттарын қолдандық: сырқаттанушылық туралы ресми деректер, ықтимал және расталған жағдайлар туралы есептер, нормативтік-құқықтық актілер, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің жыл сайынғы есептері.
Нәтижелері: Зерттеу нәтижелері жүйеде мамандардың жетіспеушілігі немесе даярлығының жеткіліксіз болуы, жүйе деңгейлері арасында ақпараттың берілу жылдамдығының төмендігі, жүйеленген электрондық деректер базасының болмауы, жиналған деректерді талдау және интерпретациялау кезінде статистикалық әдістерді қолдану деңгейінің төмендігі сияқты кейбір олқылықтарды анықтады.
Қорытынды: Зерттеу нәтижелері қоғамдық денсаулық сақтау органдарына мәлімделгеннен бері эпидқадағалау жүйесі жетілдірілді. Кене энцефалитінің мониторингін бекіту туралы бұйрықтың жобасы жолданды, 2019–2021 жылдардағы расталған жағдайлар бойынша электрондық база құрылды. Соңғы жылы зерттеулер белсенді түрде жүргізіліп жатыр, эпидемиологиялық ахуалды болжау жүзеге асырылады және алдын алу шаралары бойынша ұсынымдар берілуде.
Көрген адамдардың саны: 205
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Кирпичева У.А., Шапиева Ж.Ж., Утегенова Э.С. Қазақстан Республикасындағы кене энцефалитін эпидемиологиялық қадағалау жүйесі, 2019-2021 жж. // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 3 (Т.25). Б. 71-78. doi 10.34689/SH.2023.25.3.009Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ