Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2019-2020 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӨКПЕ ОБЫРЫН ЕМДЕУДЕГІ МУЛЬТИДИСЦИПЛИНАРЛЫ ТОПТЫҢ ЖҰМЫСЫН ТАЛДАУ
Автор (лар): Туменбаева Ж.С
Кіріспе: Өкпе обырын емдеуге мультидисциплинарлы жолмен қарастыру қазіргі уақытта өте сұранысқа ие болды, өйткені ісіктің молекулярлық-биологиялық сипаттамаларын емдеу басталғанға дейін дәл анықтау, жалпы және қайталанбайтын өміршеңдіктің нәтижелері бойынша айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Мультидисциплинарлы топтың жұмысы Түркістан облысында өкпе обырының науқастарын диагностикалау мен емдеуді жақсартуға оң әсер етеді. Зерттеудің мақсаты-өкпе обырын емдеудегі мультидисциплинарлы топтың жұмыс көрсеткіштерін талдау және Түркістан облысында 2019-2020 жылдардағы метастатикалық ұсақ жасушалы емес өкпе обырында EGFR, ALK оңды геніндегі мутацияны зерттеу. Материалдар мен әдістер: Зерттеу ретроспективті бақылау. Түркістан облысының онкологиялық орталығы базасында жұмыс істейтін мультидисциплинарлы топтың 2019-2020 жылдардағы жұмыс көрсеткіштеріне талдау жасалды. Зерттеу кезеңінде мультидисциплинарлы топ 391 науқасты тексерді. Талданатын көрсеткіштер ретінде қарастырылды: науқастың жасы, жынысы, гистологиялық мәліметтер, диагноз, сатысы, емдеу түрлері. Барлық статистикалық есептеулер SPSS бағдарламасының көмегімен жүргізілді (25.0 нұсқасы, IBM SPSS Inc., Чикаго, АҚШ). Деректер сипаттамалық статистика әдістерін қолдана отырып жинақталды. Нәтижелер: Өкпе обырымен ауыратын науқастардың ең көп саны аралас емдеуге, паллиативті химиотерапияға және таргетті емге бағытталған. 2020 жылы 2019-мен салыстырғанда аралас емнің пайызы 3% - ға өсті, сонымен қатар таргетті емнің пайызы 4% - ға өсті. Динамика EGFR, ALK оң метаститикалық ұсақ жасушалы емес өкпе обырының молекулярлық-генетикалық зерттеулерінің диагностикасының жақсарғанын атап өтті. EGFR генінің мутациясы анықталды. Олардың ішінен Ex19del, L858R, Ex20Ins, T790M табылды. Гистологиялық ерекшеліктері бойынша жиі анықталады: аденокарцинома, екінші орында - дифференциацияланбаған қатерлі ісік, үшінші орында - өкпенің эпидермоидты қатерлі ісігі. Қорытынды: Түркістан облысында 2019-2020 жылдардардағы өкпе обырын емдеуде МДТ жұмысына алғаш рет талдау жүргізілді. EGFR генінде, ALK оң метастатикалық ұсақ жасушалы емес өкпе обырында молекулярлық-генетикалық зерттеулер көрсеткіштерінің диагностикасы жақсарды,бұл науқастар үшін жекелендірілген емдеу тактикасын таңдауды оңтайландыруға және оларды аралас емдеуге, паллиативтік химиотерапияға және таргетті емге жіберуге мүмкіндік берді,бұл өкпе обырының асқынған сатысының жаңа жағдайларын тіркеу санын азайтты.
Көрген адамдардың саны: 149

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Туменбаева Ж.С. Түркістан облысында 2019-2020 жылдардағы өкпе обырын емдеудегі мультидисциплинарлы топтың жұмысын талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 3 (Т.25). Б.101-107. doi 10.34689/SH.2023.25.3.013

Авторизируйтесь для отправки комментариев