ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ ТОПТАРДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРГЕ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Кіріспе. Менопауза - бұл әйел өмірінің репродуктивтік кезеңінен репродуктивті емес кезеңге ауысуымен, әрі қарай қартаю кезеңінің басталуымен сипатталатын үрдіс болып табылады. Осы кезеңде әйел денесіне теріс әсер ететін физиологиялық өзгерістер орын алады. Бұл өмір сапасының төмендеуіне және сау қартаю ықтималдығының болмауына әкеледі. Егде жастағы халықтың денсаулығын қорғау көптеген елдердің денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйелерінің негізгі қызметтері болып саналады.
Мақаласының мақсаты менопаузалық жастағы әйелдердің денсаулық жағдайының ерекшеліктері және олардың денсаулығын сақтау бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы мәліметтерді талқылау болып табылады.
Іздеу стратегиясы. Біз соңғы 10 жылдағы (2013-2023 жж.) Scopus, PubMed, Google Scholar, Web of Science, e-library ғылыми дерекқорларынан ашық қолжетімді дереккөздерге аналитикалық шолу жасадық. Іздеу үшін "әйелдер денсаулығы", "менопауза", "скрининг", "алдын алу", "медициналық көмек" сияқты кілт сөздері пайдаланылды. Әдебиеттерді шолуға енгізілген басылымдар орыс және ағылшын тілдеріндегі толық мәтінді мақалалар болды. Барлығы 312 мақала талданып, оның ішінде зерттеу мақсаттары мен қосу критерийлері 82 мақала сәйкес келді.
Нәтижелер. Бұл әдеби шолуда егде жастағы әйелдердің денсаулық жағдайының ерекшеліктері және перименопауза кезеңінде пайда болатын жағдайлар мен ауруларды алдын алу, ерте диагностикалау мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар қатерлі ісіктерге, жүрек-қан тамырлары ауруларына, остеопорозға скрининг жасау шараларына және менопаузаға байланысты бұзылуларды диагностикалауға ерекше назар аударылады. Көптеген елдерде егде жастағы әйелдердің денсаулығын сақтау және өмір сүру сапасын жақсарту үшін әр түрлі бағдарламалар мен стратегиялар әзірленіп жатқаны анықталды. Бірақ бұған қарамастан, оларға медициналық көмек көрсетуде, профилактикалық скринингтер туралы халықтың хабардарлығының төмендігінде, менопаузадағы әйелдердің психологиялық мәртебесін түсінбеуде бірқатар мәселелер бар екендігі анықталды.
Қорытынды. Жүргізілген әдеби шолу негізінде егде жастағы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және қартаю ауруларының қаупін азайту жөніндегі іс-шараларды өткізудің негізгі міндеті медициналық, әлеуметтік және психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған ағартушылық, профилактикалық, скринингтік және емдеу жұмыстарының үйлесімі болып табылатыны анықталды.
Көрген адамдардың саны: 130
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Имашева Б.И., Камалиев М.А., Локшин В.Н., Киселева М.В., Баймұратова М.А., Рысқұлова А.Р., Туреханова А.Д. Егде жастағы топтардағы әйелдерге денсаулық және медициналық көмек көрсету ерекшеліктері. Әдебиетке шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 3 (Т.25). Б. 235-246. DOI 10.34689/SH.2023.25.3.030Ұқсас жариялымдар:
ДӘЛЕЛДІ МЕЙІРГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕ. ӘДЕБИ ШОЛУ
КОРОНАРЛЫҚ АРТЕРИЯНЫ АЙНАЛЫП ӨТКЕН ПАЦИЕНТТЕРДІ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУ АЛГОРИТМІН ӘЗІРЛЕУ
СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БАР НАУҚАСТАРДАҒЫ ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫ КҮЙ
ЖОҒАРҒЫ АСҚАН-ІШЕК ЖОЛДАРЫ ҚАН АСУЫН ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ЕМДЕУ.ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
БАЛАЛАРДАҒЫ ЖЕТІЛМЕГЕН ОСТЕОГЕНЕЗДІ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАМАНАУИ СҮЙЕКІШІЛІК ТЕЛЕСКОПИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ