ДАМУ АҚАУЛЫҚТАРЫ БАР ЖАҢА ТУҒАН БАЛАЛАРҒА ЖАҢА ҰЙЫМДАСТЫҚ КҮТІМ ҮЛГІСІН ТӘЖІРИБЕГЕ ЕҢГІЗУ НӘТИЖЕЛЕРІ: КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
Ерте неонаталдық кезеңде туа біткен ақаулары бар жаңа туған нәрестелерге хирургиялық көмек көрсетудің маңызды буыны дер кезінде диагностикалау, науқасты хирургиялық стационарға жеткізу, мейірбикелік күтім және операциядан кейінгі кезеңде күтім жасау болып табылады. Жаңа туған нәрестелерді тасымалдау мәселесі бүгінгі күнге дейін түсініксіз және даулы болып қала береді.
Жаңа туылған нәрестенің аноректальді даму ақауы, анус, тік ішек атрезиясы, фистулярлық нысаны зәр шығару жүйесі мүшелерінің туа біткен ақауымен біріктірілген клиникалық жағдайы ұсынылған. Осы клиникалық жағдайдың мысалында тасымалдауды алып тастай отырып, өмірге қауіп төндіретін асқынулардың қаупін азайту мүмкіндігін бағалау жүргізілді.
Уақытылы диагноз қою және емдеу қолайлы болжамға және асқынулардың болмауына ықпал етті. Бұл жағдайдың ерекшелігі 3-деңгейдегі перинаталдық орталықта кешенді ем жүргізу болып табылады. Операцияға дейінгі және операциядан кейінгі күтімді неонатологтар көрсетті. Жағдайы қанағаттанарлық, 19 тәулікте жақсарумен шығарылды.
Көрген адамдардың саны: 184
Мақалалар санаты:
Клиникалық жағдай
Библиографиялық сілтемелер
Каскарбаев В.М., Сәрсенбек М.Ж., Төлеген.А., Панибратец Л.Г., Елубаев Ж.К., Кизатова С.Т. Даму ақаулықтары бар жаңа туған балаларға жаңа ұйымдастық күтім үлгісін тәжірибеге еңгізу нәтижелері: клиникалық жағдай // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 3 (Т.25). Б. 279-283. doi 10.34689/SH.2023.25.3.036Ұқсас жариялымдар:
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЙТАЛАМА МЕРЕЗДІҢ АҒЫМЫ
PD-L1 ЭКСПРЕССИЯСЫ БАР ҰСАҚ ЖАСУШАЛЫ ЕМЕС ӨКПЕ ОБЫРЫНДАҒЫ ЕМДЕУДІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
PD-L1 ЭКСПРЕССИЯСЫ БАР ҰСАҚ ЖАСУШАЛЫ ЕМЕС ӨКПЕ ОБЫРЫНДАҒЫ ЕМДЕУДІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
БАУЫР ЦИРРОЗЫ КЕЗІНДЕГІ ГЕПАТО-РЕНАЛДЫ СИНДРОМ. КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ.
КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ МЫСАЛЫНДАҒЫ АНКИЛОЗДАУШЫ СПОНДИЛИТ КЕЗІНДЕГІ ОСТЕОПОРОЗ БЕН ОСТЕОГЕНЕЗ – ҚАРАМА-ҚАРСЫ ҮРДІСТЕРДІҢ БЕЛСЕНДІРІЛУІ