Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АРАСЫНДАҒЫ АУТИЗМ СПЕКТРІНІҢ БҰЗЫЛУЫН ТҮСІНУ
Кіріспе. Аутизм спектрінің бұзылуы (АСБ) жүйке жүйесінің дамуының бұзылуымен байланысты және қайталанатын мінез-құлықпен, әлеуметтік қарым-қатынастың болмауымен сипатталады. Аутизмнің таралуының жыл сайынғы өсуі (рет) стигматизацияны азайту және балалардағы алғашқы белгілерді ерте анықтауды қамтамасыз ету мақсатында халықтың осы бұзылыс туралы хабардарлығын арттыру қажеттілігін көрсетеді. Біздің зерттеуіміз қоғамның аутизмге қатынасын анықтауға, сондай-ақ халықтың осы бұзылыс туралы хабардар болу деңгейін бағалауға бағытталған. Әдістері. Әдебиеттерді шолу негізінде қазақ және орыс тілдерінде сауалнама әзірленді. Сауалнама Қазақстанның барлық өңірлерінде денсаулық сақтаудың бастапқы буынының мамандары, АСБ балалары бар ата-аналар тобы арқылы пошта арқылы жіберілген google-нысанын пайдалана отырып жүргізілді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 410 респондент өз еркімен қатысты. Статистикалық талдау MS Excel және SPSS 13 көмегімен жүргізілді. Нәтижелер. Сауалнама негізінен 25 пен 54 жас аралығындағы респонденттерді тартты. Бұл аутизмнің таралуы және осы мәселемен айналысатын ұйымдар туралы ақпарат басқа жас топтары арасында кең таралмағанын көрсетуі мүмкін. Респонденттердің басым көпшілігінде Қазақстанда аутизмнің таралуы туралы түсінік болған жоқ. Бұл берілген мәселе туралы хабардар болу төмен болып қалатынын және қосымша білім мен ақпараттық жұмысты қажет ететінін көрсетуі мүмкін. Таралуы туралы хабардарлықтың төмендігіне қарамастан, респонденттер аутизмнің өсуін атап өтеді. Респонденттер аутизмнің қалай көрінетіні және осы салада жұмыс істейтін ұйымдар туралы хабардарлықтың жеткіліксіздігін көрсетті. Қорытынды. Халықтың аутизм және оның барысы туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ АСБ бар балалардың ата-аналары мен қамқоршыларына қалай қолдау көрсету жөніндегі іс-шараларды іске асыру қажет.
Көрген адамдардың саны: 211

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Кошербаева Л., Курманалина С., Ахтаева Н., Самамбаева А., Алтынбеков Қ. Қазақстан халқы арасындағы аутизм спектрінің бұзылуын түсіну // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 4 (Т.25). Б.133-139. doi 10.34689/SH.2023.25.4.016

Авторизируйтесь для отправки комментариев