Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
АЛКОГОЛЬСІЗ МАЙЛЫ БАУЫР АУРУЫМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДА АТЕРОСКЛЕРОЗ ЖӘНЕ БАУЫР ФИБРОЗЫ ДАМУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН УРСОДЕОКСИХОЛ ҚЫШҚЫЛЫН ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Әлемдік тәжірибеде алкогольсіз майлы бауыр ауруы мен алкогольсіз стеатогепатиттің (АМБА/АСГ) таралуы тұрақты өсуде. АМБА/АСГ бауыр циррозына және гепатоцеллюлярлы карциномаға дейін үдеуі мүмкін. Алайда, АМБА/АСГ пациенттерінің көпшілігі жүрек-тамыр апаттарының салдарынан қайтыс болады. Айта кету керек, АМБА таралуы 2 типті қант диабеті (ҚД2) және семіздік жағдайларының көбеюімен қатар өсуде. Бірақ пациенттердің көбеюіне қарамастан, терапевтік тәсілдер шектеулі. Бұл мақалада АМБА кезінде урсодезохсихол қышқылын (УДХК) қолдану нәтижелері ұсынылған. Бұрын әртүрлі дереккөздерге сүйенсек, УДХК құрамына кіретін өт қышқылдары бауырдағы май қышқылдары мен триглицеридтер алмасуының негізгі интеграторлары болып табылады. Біз жүргізген зерттеу нәтижелері УДХК препаратын АМБА кезінде қолдану бауырдағы қабыну процестерінің белсенділігінің төмендеуіне, оның стеатозына, сондай-ақ липидтік алмасу көрсеткіштерін жақсартатынын және потенциалды антиатерогендік қасиеттерге ие екенін көрсетті.
Көрген адамдардың саны: 239

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Раисова А.М., Нерсесов А.В., Кайбуллаева Д.А., Конысбекова А.У., Исмагулова М.А., Маденова С.С., Нефедова М.А., Татиева М.А., Ташенова Л.К., Калиаскарова К.С., Конысбекова А.А., Алиева Ш.Б., Джакупова Г.М., Липкина Е.И., Надинская М.Ю. Алкогольсіз майлы бауыр ауруымен ауыратын науқастарда атеросклероз және бауыр фиброзы дамуының алдын алу үшін урсодеоксихол қышқылын қолдану мүмкіндіктері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 4 (Т.25). Б. 33-41. doi 10.34689/SH.2023.25.4.004

Авторизируйтесь для отправки комментариев